Алдыңғы түні ел астанасы Киевтен солтүстікке қарай шамамен 45 шақырым жерде орналасқан Дымер елді мекеніндегі бес қабатты ғимаратқа жасалған шабуылдан қаза тапқандар саны 10 адамға жетті. Киев облысының әскери губернаторы Тимур Ткаченко “Telegram” желісінде жариялаған мәлімдемесінде үйінділер астында іздестіру-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады.
Ткаченко сондай-ақ құтқарушылардың үйінді астынан бір бала мен 79 жастағы әйелді тірідей алып шыққанын мәлімдеді.
Супермаркет нысанаға алынды
Вишневе қаласында супермаркетке жасалған Ресей шабуылы салдарынан үш бала қаза тауып, 15 адам жарақат алды. Сондай-ақ аймақтағы тұрғын үйлердің біріне жасалған шабуылдан тағы бір адамның қаза тапқаны хабарланды.
Бұл шабуылдар Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаның Қырым көпіріне жасаған соңғы шабуылдарына «ауыр соққы» түрінде жауап беретіндерін мәлімдегенінен кейін болды.















