ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
36 мыңнан астам америкалық Таяу Шығыстан эвакуацияланды
28 ақпанда басталған АҚШ, Израиль және Иран арасындағы әскери қақтығыстан кейін Таяу Шығыстағы қауіпсіздік жағдайы күрт шиеленісті. Осыған байланысты 36 мыңнан астам АҚШ азаматы аймақтан елдеріне оралды.
36 мыңнан астам америкалық Таяу Шығыстан эвакуацияланды
36 мыңнан астам америкалық Таяу Шығыстан эвакуацияланды / Reuters

 АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметінше, соғыс басталғалы бері Таяу Шығыста жүрген америкалықтарды эвакуациялау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Консулдық істер жөніндегі мемлекеттік хатшының орынбасары Дилан Джонсонның айтуынша, ведомство жиырмадан астам чартерлік ұшақ ұйымдастырып, мыңдаған азаматты қауіпсіз түрде елге қайтарған.

 Қазіргі уақытта өңірде тұрақты әуе рейстері біртіндеп қалпына келе бастағанымен, АҚШ билігі чартерлік ұшақтар мен құрлық арқылы эвакуациялау мүмкіндігін сақтап отыр. Джонсонның сөзінше, чартерлік рейстердегі бос орындар эвакуацияға мұқтаж америкалықтардың санынан да көп.

 АҚШ Мемлекеттік департаменті Оман, Кувейт, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Сауд Арабиясы және Израильде жүрген азаматтарын елден шығуға көмек алу үшін арнайы дағдарыс тіркеу формасын толтыруға шақырды.

 Айта кетейік, 28 ақпанда басталған соғыста қазірдің өзінде 1300-ден астам адам қаза тапқан. Қаза тапқандар арасында Иранның рухани көшбасшысы Әли Хаменеи, 150-ден астам қыз бала және жоғары әскери шенеуніктер бар екені хабарланды.

 Иран жауап ретінде аймақтағы АҚШ әскери базаларына, дипломатиялық нысандарына және әскери қызметкерлеріне, сондай-ақ Израильге қарсы әуе шабуылдарын ұйымдастырды. Бұл шабуылдар нәтижесінде кемінде жеті америкалық әскери қызметкер қаза тапты.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті