ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған Министрлер кабинетінің отырысынан кейін халыққа үндеу жасады
«Террорсыз Түркия үдерісі тек қауіпсіздік саясатынан ғана тұрмайды».
Президент Ердоған Министрлер кабинетінің отырысынан кейін халыққа үндеу жасады
Президент Ердоған Министрлер кабинетінің отырысынан кейін халыққа үндеу жасады / Anadolu Agency (Wire)
 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған: «Террорсыз Түркия үдерісін барынша кең саяси және қоғамдық келісіммен ілгерілетуге ниеттіміз. Алайда мұндай мәселенің саяси бопсалау құралына айналуына да жол бермейміз», – деді.

Президент Ердоған Президенттік кешенде өткен Министрлер кабинетінің отырысынан кейін халыққа үндеу жасады.

Террорсыз Түркия үдерісінің тек қауіпсіздік саясатынан ғана тұрмайтынын атап өткен Ердоған сөзін былай жалғастырды:

«Террор мәселесі жойылған кезде әрине Түркияның барлық созылмалы мәселелері шешіліп кетпейді. Алдымызда азаматтық саясаттың шешім қабылдау әлеуетін күшейту, демократияны төңкеріс конституциясының ұятынан құтқару, ұлттық ынтымақтастық пен қоғамдық бірігуді нығайту сияқты көптеген міндетіміз бар және бола бермек. Әлем өзгерген сайын, Түркия өзгерген сайын қоғамның үміт-тілектері де өзгереді және олар саяси институттардың күн тәртібіне шығады».

Ердоған сөзінде мыналарды атап өтті:

«Саясаттың өзегі – диалог, келіссөздер және өзара келісім аясындағы бәсекелестік. Біздің алғашқы күннен бергі ұстанымымыз айқын. Кімде-кім үлес қосқысы келсе, кімде-кім бізге шешім ұсынса, біз мұны қуана қарсы аламыз. Әсіресе Террорсыз Түркия үдерісін барынша кең саяси және қоғамдық келісіммен ілгерілетуге ниеттіміз. /…/. Біз үдеріс қалай басталса, бүгінгі күнге қалай жетсе, діттеген межесіне жеткенге дейін дәл солай жалғасуын қалаймыз».

Президент бір қадам да артқа шегінбей, үнемі алға жылжи отырып, Алланың қалауымен бұл мәселені халқымыздың күн тәртібінен түбегейлі алып тастайтындарын жеткізді.

Іздеу
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды