ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Нью-Йорк АҚШ-Иран шиеленісінен кейін сақтық шараларын жүргізуде
«Қалаға тікелей қауіп төніп тұрған жоқ, бірақ біз әрқашан жалғыз қасқырдан сақ болуымыз керек», - деді мэр Эрик Адамс.
Нью-Йорк АҚШ-Иран шиеленісінен кейін сақтық шараларын жүргізуде
/ AA

«Нью-Йорк қаласының билік өкілдері өткен демалыс күні АҚШ әскерінің Иранның ядролық нысандарына жасаған шабуылынан кейін құқық қорғау органдары сақтық шараларын жүргізді, бірақ қалаға қауіп төнген жоқ»,- деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс дүйсенбі күні «NBC News»-ке: «Қалаға тікелей ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, бірақ әрқашан жалғыз қасқырдан сақ болуымыз керек», - деді.

Адамстың айтуынша, Нью-Йорк полиция департаменті (NYPD) еврей және парсы қауымдастық орталықтарында және Таймс-сквер сияқты қозғалыс көп аймақтарда бақылауды арттыру үшін федералды серіктестермен тығыз жұмыс істей бастаған.

«Біз бұл жерлерде жалғыз қасқыр шабуылдары болмайтынына көз жеткізгіміз келеді», - деп қосты ол.

Иранның қарымта шабуылынан қорқуда

Билік өкілдері шабуылдардан кейін Иранның кек алуы мүмкін деген алаңдаушылықпен  АҚШ инфрақұрылымына бағытталған ықтимал кибершабуылдарды да қадағалап отыр.

Мэрдің Қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Каз Дэдтри қоғамдық қауіпсіздік әкімшіліктің басты басымдығы болып қала беретінін атап өтті және Нью-Йорк тұрғындарына қалыпты өмір салтын жалғастыруға кеңес берді.

Қала билігі жұртшылықты қырағы болуға және кез келген күдікті әрекет туралы хабарлауға шақырды. «Біз сақтық шараларын қабылдаудамыз», - деді Адамс.

Ескертулер АҚШ күштері жексенбі күні таңертең Иранның Фордо, Натанз және Исфахан ядролық нысандарына бірқатар шабуыл жасап, аймақтық қақтығыстар қаупін арттырғаннан кейін жасалды.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті