ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ТУРИЗМ
2 ... минут оқылды
Ұзақ уақыт отыру қатерлі ісік қаупін арттырады
Жаңа зерттеу күні бойы бір орында 30 минуттан артық отыру қатерлі ісіктен қайтыс болу қаупін арттыратынын көрсетті. Мамандар кеңсе ішінде аздап жүріп-тұру немесе үй шаруасы сияқты жеңіл қимыл-қозғалыстың өзі бұл қауіпті азайтуы мүмкін екенін айтады.
Ұзақ уақыт отыру қатерлі ісік қаупін арттырады
Ұзақ уақыт отыру қатерлі ісік қаупін арттырады
 

Глазго университетінің зерттеушілері 90 мыңнан астам адамды 10 жылдан аса уақыт бойы бақылаған. «PLOS Medicine» журналында жарияланған нәтижелерге сәйкес, ояу кезде бір орында 30 минуттан артық отыру немесе жату қатерлі ісіктен қайтыс болу қаупін арттырады. Қимылсыз өткізілген әрбір сағат бұл қауіпті одан әрі күшейтеді.

Алайда зерттеу мұндай қимылсыз кезеңдерді физикалық белсенділікпен бөліп отырудың үлкен әсері болуы мүмкін екенін көрсетті. Әр жарты сағат сайын орнынан тұрып, қозғалу денсаулыққа айтарлықтай оң әсер етеді.

Жеңіл қозғалыстың пайдасы

Зерттеудің жетекшісі доктор Фредерик Хо қолданыстағы денсаулық сақтау нұсқаулықтарының көбіне орташа немесе ауыр жаттығуларға басымдық беретінін, алайда зерттеу нәтижелері жеңіл қимыл-қозғалыстың да назардан тыс қалмауы керектігін көрсеткенін айтты.

Ұлыбританиядағы «UK Biobank» жобасына қатысқан 91 мыңнан астам адамға тағылған технологиялық құрылғылардан алынған деректерді зерттеген мамандар қатысушыларды орта есеппен 12 жыл бойы бақылаған. Нәтижелер күн сайын қимылсыз өткізілген әрбір қосымша сағаттың қатерлі ісіктен қайтыс болу қаупін 10 пайыз арттырғанын көрсетті.

Ал қимылсыз өткен уақытты қозғалыспен алмастыру бұл қауіпті төмендетеді. Зерттеуге сәйкес, күн сайын бір сағаттық қимылсыздықтың орнына үтіктеу немесе ыдыс жуу сияқты жеңіл физикалық белсенділік жасау қатерлі ісіктен қайтыс болу қаупін 12 пайыз азайтады.

Күнделікті 30 минуттық қимылсыздықты орташа қарқындағы жүріспен алмастыру бұл қауіпті 8 пайыз төмендетеді.

Ал бес минуттық қимылсыздықтың орнына бес минут ауыр физикалық белсенділік қосу қауіпті 22 пайыз азайтады.

Зерттеу бақылауға негізделген статистикалық талдауларды қамтығандықтан, нақты себеп-салдар байланысын дәлелдей алмайды. Алайда мамандар қимылсыз отырудың алдын алуға бағытталған жеке стратегияларды әзірлеудің клиникалық тұрғыдан маңызды екенін атап өтті.

Іздеу
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды