ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
«Baykar» Италиядағы ұшақ өндірісін бес есе арттырмақ
Компанияның директорлар кеңесінің төрағасы «P180»-нің жеке мақсаттағы ұшақ екенін, соңғы жылдары оның өндірісі азайғанын, алайда «Baykar» өндірісті қайта жандандырып, көлемін арттыруды көздейтінін айтты.
«Baykar» Италиядағы ұшақ өндірісін бес есе арттырмақ
«Baykar» Италиядағы ұшақ өндірісін бес есе арттырмақ / AA
13 Қаңтар 2026

Түркияның ұшқышсыз әуе аппараты өндірушісі «Baykar» сатып алғаннан кейін қайта құрылымдау кезеңіне өткен Италиядағы «Piaggio Aerospace» компаниясы жаңа инвестициялар арқылы ұшақ өндірісінің қуатын 5-6 есе арттырып, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және қозғалтқыш бағытындағы мүмкіндіктерін кеңейтпек.

«Piaggio Aerospace» директорлар кеңесінің төрағасы, әрі «Baykar» команиясының бас директоры Халюк Байрактар дүйсенбі күні баспасөз мәлімдемесінде 140 жылдық тарихы бар компанияның Италия авиация өнеркәсібінде сансыз әуе кемесін жасағанын айта келіп, «Бұл ˗ Baykar үшін өте маңызды мұра. Технологияларымызды «Piaggio»-мен біріктіру Түркия мен Италияның мықты тұстарын тоғыстыруға артықшылық пен әлеует береді», - деді.

Байрактар «Piaggio»-ның екі зауытты басқаратынын айтты.  Біреуі «P180» жеңіл ұшақ өндіруге, екіншісі қозғалтқыш бөлшектерін шығаруға және қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсетуге арналған.

Ол: «Барлық қабілеті мен тәжірибесін ескерсек, бұл ˗ өте ерекше ұшақ. Ол әлемдегі ең жылдам турбовинтті ұшақ, әрі бірегей дизайнда. «Piaggio»-ның кәсіпорындары, мүмкіндіктері, әлеуеті, мұрасы мен бренді «Baykar»-дың ұшқышсыз әуе аппараты саласындағы жаңа инновацияларымен ұштасқанда нәтижелі болатынын көріп отырмыз», -деді.

«P180»-нің жеке мақсаттағы ұшақ екенін және соңғы жылдары өндірісі азайғанын айтқан Байрактар «Baykar»-дың жұмысты жандандырып, өндірісті ұлғайтуды көздейтінін жеткізді.

Байрактардың сөзінше, «Piaggio» қазір жылына шамамен 4-5 ұшақ шығарады, бірақ бұл көрсеткіш келесі жылы өседі. Ол қолданыстағы зауыттар, өндіріс тәртібі мен жеткізу тізбегі мұндай өсімге мүмкіндік беретінін атап өтіп, «P180 Avanti» өндірісін жылына 25-30 ұшаққа дейін жеткізуді жоспарлап отырғандарын мәлімдеді.

Байрактар сөзін жалғап, «Baykar» ретінде жаңа инвестицияларға, жаңартуларға және бұл ұшақты қайтадан қолжетімді етуге бекіндік. Оның нарықтағы үлесін қайта алуына қол жеткізуге бел будық. Жалпы әлемдік деңгейде қарасақ, «Piaggio» бүгінге дейін 250-ден астам «P180» ұшағын өндірді, олардың 220-сы 1986 жылдан бері ұшып жүр. Демек, бұл ˗ өте сенімді, әрі мықты ұшақ. Бүкіл флоттың ұшу тәжірибесі 1,1 миллион сағаттан асады», - деді.

Байрактар «Baykar» ұшақтың бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін технологиялық жаңартулар енгізуді мақсат етіп отырғанын айтты.

«Осы тұрғыда жүйелік жаңартуларға және авиониканы жаңғыртуға қомақты инвестиция салып жатырмыз. Қазір барлығы «Garmin» авионика жүйелеріне көшіп жатыр. Біз де жұмысымызды бастап кеттік және жүйелерге «Garmin» авионика жаңартуларын енгіземіз», - деді ол.

Сондай-ақ Байрактар «Piaggio»-ның ішкі салонын жаңа италиялық дизайнмен қайта жасақтайтынын, ал әуе кемесінде қазірдің өзінде цифрлық кабина қысымын реттеу және қоршаған ортаны бақылау жүйелері бар екенін атап өтті.

«Ұшақта біздің жаңа спутниктік байланыс технологияларымыз бар. Қызмет көрсету аралықтарын және тексеру мерзімдерін ұзарту бағытында жұмыс істеп жатырмыз», - деп қосты ол.

Байрактар бұл жаңғыртулар нәтижесінде ұшақтың «Avanti Next» моделі ретінде брендтелетін жаңа нұсқасы пайда болатынын айтты.

 

Іздеу
Иран АҚШ шабуыл жасаған жағдайда қарымта қайтаратынын мәлімдеді
Ирандағы шеру кезінде 100-ден астам қауіпсіздік қызметкері қаза тапты
Түркия Грекияда түрік азшылығының мектебіне жасалған шабуылды айыптады
Түркия мен Сирия басшылары Сириядағы жағдайды талқылады
Ресей шабуылынан Киевте төрт адам қаза тапты
Сирия Алеппода террор ұйымы YPG-ге қарсы арнайы операция бастады
Әзербайжан Арменияға екінші мұнай партиясын жеткізеді
Испания Палестинаға бітімгершілік күшін жіберуге дайын
Түркия: «Сирия армиясы YPG террор ұйымына қарсы операция жүргізуде»
Трамп АҚШ-тың қорғаныс бюджетін арттырмақ
Қаза тапқан венесуэлалық сарбаздар жерленді
Ресей Украинаның екі өңірін электр қуатынсыз қалдырды
Түркияның АҚШ-тағы елшісі АҚШ сенаторымен кездесті
Президент Ердоған Энвер Ибрахиммен кездесті
АҚШ шабуылдарынан кемінде 100 адам қаза тапты