САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Газада 1 миллион адам ауыз суға мұқтаж
Балалардың сырқат және бір тамшы таза суға мұқтаж екені хабарлануда.
Газада 1 миллион адам ауыз суға мұқтаж
Газада 1 миллион адам ауызсуға мұқтаж / Reuters

Израиль «қауіпсіз аймақ» деп атаған Газаның оңтүстігіндегі аумаққа қоныс аударуға мәжбүр болған шамамен бір миллион палестиналық суға мұқтаж, ал отбасылар балалардың сырқаттанып жатқанын хабарлауда.

Хан Юнус маңындағы әл-Маваси жағалау белдеуінде уақытша паналап жүргендер “Анадолы” агенттігіне берген сұхбатында бірнеше күн бойы таза суға қол жеткізе алмай, су тарататын жүк көлігін бес-алты күн бойы күтуге мәжбүр екенін айтты.

1200-ден астам адам небәрі 25 сантиметр арақашықтықта тігілген шатырларда тұрып жатқан Наджат лагерінің тұрғыны (аты-жөнін атамауды өтінді): «Алған аз мөлшердегі суды бөлісеміз, бірақ бұл әрқашан жеткіліксіз. Балалар шөлдеп отыр, ауырып жатыр, киімдерімізді де жуа алмаймыз, өйткені су жоқ», – деді.

Басқа бір тұрғын соңғы апталарда Израильдің Газаға жасаған шабуылдарының күшеюіне байланысты он мыңдаған палестиналықтың тағы да қашуға мәжбүр болғанын айтып, аймақтағы балалар шөл мен санитарлық жағдайдың жоқтығынан жұқпалы ауруларға шалдыққанын жеткізді.

Маваси аймағы соғыс кезінде Израиль әскері тарапынан бірнеше рет бомбаланды. «Қауіпсіз аймақ» деп жарияланғанына қарамастан бұл жерде паналаған жүздеген бейбіт тұрғын қаза тапқан. Ондаған мың босқын палестиналық осы шағын әрі шамадан тыс тығыз аумақта ауыр гуманитарлық жағдайда өмір сүріп жатыр.

Су тапшылығы қару ретінде қолданылуда

Газа Үкіметінің Ақпарат басқармасы шілде айында жасаған мәлімдемесінде Израиль күштері 2023 жылдың қазан айынан бері кемінде 112 су станциясын және 720 құдықты қиратқанын, сондай-ақ аймақтың су желісін жүйелі түрде істен шығарғанын хабарлады.

Отбасылар әйелдер мен балалардың бос ыдыстармен шектеулі мөлшердегі су үшін ұзын кезекке тұратынын айтып, муниципалитеттер мен адам құқықтары ұйымдары Израильді су тапшылығын бейбіт тұрғындарға қарсы қару ретінде қолдануда деп айыптады.

ҚатыстыИзраиль Газада су тасыған балаларды өлтірді - TRT Қазақ

Өткен айда БҰҰ-ның Гуманитарлық істер жөніндегі басқармасы Газадағы отбасылардың 96%-ының қауіпсіз ауызсуға қолжетімді еместігін, ал әрбір 10 палестиналықтаң 9-ы ішуге жарамды су таба алмай отырғанын хабарлады.

Палестиналық босқындарға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ агенттігі жазғы аптап ыстықтың су тапшылығын одан әрі күшейтіп, «апатты» жағдай тұдырғанын ескертті.

БҰҰ зерттеушілері 2023 жылдың қазан айынан бері 65 300-ден астам адам қаза тапқан Газада Израильдің іс-әрекеттерін геноцид деп бағалады.

Іздеу
ЕО мен Ұлыбритания Украинаға қолдауын күшейтуде
ЕО Украинаға 6,1 млрд еуро көлемінде әскери қолдау көрсетеді
Оман Сыртқы істер министрі Бусаиди ертең Тегеранға барады
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті
БҰҰ баяндамашысы Израиль әскерлерін «ең арсыз армия» деп атады
Индонезия мен Қытай сыртқы істер министрлері кездесті
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
БҰҰ Бас хатшысы Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады
Ресей Иранды келіссөзді қайта бастауға мәжбүрлемейтінін айтып, АҚШ-ты Тегеранға қарсы соғыста агрессор деп атады
Сирия мен Пәкістан өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты
Швейцария Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін мақұлдады
Сирия сыртқы істер министрі Пәкістанға барды
Вьетнам алты қылмыс түрі үшін өлім жазасын алып тастауды жоспарлауда
Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы: «Жаңа соғыс басталса, одан да жойқын қару қолданамыз»
Барак Нетаньяхуды Түркиямен шиеленісті негізсіз ушықтырды деп сынады
Ресей мен Украина 103 әскери тұтқын айырбастады
Пезешкиан: “Даналық, абырой және мүдделерді ескере отырып, келіссөз жүргіземіз”
Түркия Израильді айыптады
Иран күштері: «Иранға жасалатын шабуылдарда АҚШ-қа қолдау көрсетпеңіздер»