ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
ASELSAN компаниясының GÖKDENİZ жүйесі Қаратеңіздегі сынақта әуе нысандарын жойды
Оқ ату арқылы өткізілген сынақта төмен биіктікте маневр жасайтын нысандар арқылы ұшқышсыз ұшу аппараттары мен қанатты зымырандар секілді заманауи әуе қауіптері имитацияланды.
ASELSAN компаниясының GÖKDENİZ жүйесі Қаратеңіздегі сынақта әуе нысандарын жойды
GÖKDENİZ / AA
 

ASELSAN компаниясының GÖKDENİZ жақын қашықтықтағы әуе қорғаныс жүйесі Қаратеңіз су айдынында өткізілген сынақ барысында қозғалыстағы әуе нысандарын анықтап, жойды.

Жүйе ұшқышсыз ұшу аппараттары, кемеге қарсы зымырандар, сондай-ақ шағын көлемді, жоғары жылдамдықпен ұшатын және маневр жасау қабілеті жоғары өзге де әуе нысандарынан туындайтын қауіптерге қарсы әзірленген.

Сынақ барысында жоғары жылдамдықпен ұшатын реактивті қозғалтқышы бар ұшқышсыз ұшу аппараттары мен қанатты зымырандарға ұқсас, әртүрлі бағыттан және биіктіктен ұшып келген әуе нысандары пайдаланылды.

Сынақ кезінде кеме сағатына 5-10 теңіз милі жылдамдықпен қозғалды.

Сынақ автономды режимде өткізілді. GÖKDENİZ жүйесі нысандарды анықтау, қадағалау және оларға қарсы әрекет ету процестерін автоматты түрде жүзеге асырды. Оператор тек бір батырманы басу арқылы оқ атуға рұқсат берді.

Осы процестерді автоматтандырудың арқасында GÖKDENİZ теңіздегі қорғаныс операциялары кезінде әрекет ету уақытын қысқартып, нысандарды жылдам анықтауға, дәл қадағалауға және тиімді жоюға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жүйе толық автономды режимде жұмыс істей алады. Бұл режимде оқ атуды қоса алғанда, нысанға қарсы барлық әрекет оператордың араласуынсыз жүзеге асырылады.

Жетілдірілген сенсорлық технологиялар мен жылдам әрекет ететін қару жүйесін біріктірген GÖKDENİZ теңіз платформаларын жаңа буын әуе қауіптерінен жақын қашықтықта қорғауды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар ASELSAN компаниясы жуырда EURONAVAL көрмесінде сауда кемелеріне орнатуға арналған GÖKDENİZ жүйесінің контейнер түріндегі жаңа нұсқасын таныстырды.

GÖKDENİZ жүйесін Түркияның әскери-теңіз күштерімен қатар тағы алты елдің әскери-теңіз күштері таңдаған. Бұл экспорттық жетістіктер ASELSAN компаниясының халықаралық нарықтағы орнын одан әрі нығайтуға ықпал етуде.

 

Іздеу
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды