САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Грекия Израильмен 1 миллиард еуролық жаңа қару-жарақ келісімін жасауға дайындалуда
Грек баспасөзі радиоэлектрондық күресті «Түркия орасан зор серпіліс жасаған сала» деп сипаттайды.
Грекия Израильмен 1 миллиард еуролық жаңа қару-жарақ келісімін жасауға дайындалуда
Грекия Израильмен 1 миллиард еуролық жаңа қару-жарақ келісімін жасауға дайындалуда / َAA
 

Грекияның «Kathimerini» газетінің хабарлауынша, Грекия мен Израиль шамамен 1 миллиард еуролық жаңа қорғаныс пакеті бойынша келіссөз үстеліне отырды.

Басылымның мәліметінше, пакет ұшу қашықтығы 400 шақырымды құрайтын «LORA» баллистикалық зымырандарын және әскери-әуе күштерінің оқу-жаттығу орталығын кеңейтуді қамтиды.

Газет тараптар арасындағы саудаласудың жалғасып жатқанын, әзірге нақты келісімге қол жеткізілмегенін жазды.

Келіссөздердің ең маңызды бөлігін радиоэлектрондық күрес жүйелері құрайтыны баса айтылған мақалада бұл сала «Түркия орасан зор серпіліс жасаған бағыт» ретінде сипатталып, Грекия Қарулы Күштерінің осы әлеуетін дамытуды көздеп отырғаны атап өтілді.

Сондай-ақ газет Афинаның Израильдің радиоэлектрондық күрес тәжірибелері мен қарсы шараларына қол жеткізу арқылы Түркияға қарсы тиісті жүйелерді әзірлеуді мақсат етіп отырғанын жеткізді.

Екі ел тамыз айында құны шамамен 3 миллиард еуроны құрайтын «Ахилл қалқаны» әуе шабуылына қарсы қорғаныс келісіміне қол қойған болатын.

Іздеу
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті