САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Ресей мен Украина төрт айлық үзілістен кейін соғыс тұтқындарын алмасуды қайта бастауға ниет білдірді
Ресей мен Украина арасындағы соңғы соғыс тұтқындарын алмасу қазан айында екі тараптан 185 адамның өзара қайтарылуымен жүзеге асқан болатын.
Ресей мен Украина төрт айлық үзілістен кейін соғыс тұтқындарын алмасуды қайта бастауға ниет білдірді
Ресей мен Украина төрт айлық үзілістен кейін соғыс тұтқындарын алмасуды қайта бастауға ниет білдірді / AA

Ресейдің адам құқықтары жөніндегі омбудсмені Татьяна Москалькова дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Украина парламентінің адам құқықтары жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинецпен кездесуі барысында «соғыс тұтқындарын алмасуды тез арада қайта бастау мәселесін» талқылағанын білдірді.

Москалькова “Telegram” арнасында жариялаған жазбасында төрт айдан астам уақыт бойы ешқандай тұтқын алмасу жүзеге аспағанын атап өтті.

«Украина Жоғарғы Радасының омбудсмені Дмитрий Лубинецпен кездесуде төрт ай бойы алмасудың болмауына байланысты тұтқындарды қайтару жолындағы кедергілерді тез арада жою мәселесін көтердім», — деді Москалькова.

Москалькова кездесудің нақты қай жерде және қашан өткенін нақтыламады. Дегенмен Москалькова да, Лубинец те жұма күні “Telegram” арналарында Женевада болғандарын және Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің президенті Мирьяна Споляричтің ұйымның штаб-пәтерінде қос өкілмен бөлек-бөлек кездесу өткізгенін хабарлаған еді.

Москалькова Ресей Қорғаныс министрлігінің «алмасу процесі үшін бірнеше рет түрлі формат ұсынғанын, бірақ Украина тарапы тиісті шешімдердің қабылдануын кешіктіріп жатқанын» алға тартты.

«Аналары мен жұбайлары жақындарын асыға күтуде. Олардың тезірек үйлеріне оралуы адамгершілік пен жанашырлықтың белгісі болар еді», — деген омбудсмен украиндық әріптесіне Ресейде қамауда отырған және алмасу аясында жақын арада босатылуы мүмкін украин сарбаздарының тізімін бергенін де қоса кетті.

Москалькова «Украина тарапының ұсыныстарын күтеміз», — дей отырып, Женева конвенциясына сәйкес жараланған орыс тұтқындардың да елдеріне қайтарылуы керектігін жеткізді.

Екі тараптан 185 адам қайтарылған соңғы тұтқын алмасу процесі қазан айында өткен еді. Тұтқын алмасуға қатысты алғашқы келісім Стамбулда өткен Ресей-Украина келіссөзі кезінде жасалған болатын.

Тараптар арасында өткен үш кезеңдік келіссөз нәтижесінде «1000-ға 1000» алмасу, тағы бір ауқымды алмасу жоспары, қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін өзара өткізу және екі тараптан кем дегенде 1200 тұтқынды қайтаруды көздейтін келісімдерге қол қойылған еді.

Іздеу
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Иран АҚШ-қа қарымта шабуыл жасайтынын мәлімдеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Ресей мен АҚШ сыртқы істер министрлері Украина дағдарысын талқылады