ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Бразилияның Жоғарғы соты Болсонаруды 27 жылға бас бостандығынан айырды
Жоғарғы сот бұрынғы президент Жаир Болсонаруды бес айып бойынша кінәлі деп тауып, 27 жыл үш айға бас бостандығынан айырды.
Бразилияның Жоғарғы соты Болсонаруды  27 жылға бас бостандығынан айырды
/ Reuters
 

Бразилияның Жоғарғы соты бұрынғы президент Жаир Болсонаруды төңкеріс ұйымдастыруға айыпты деп тауып, 4-1 дауыс нәтижесімен 27 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл шешім АҚШ тарапынан наразылық тудырып, олар бұл істі «саяси қуғын-сүргін» деп атады.

Сот төрешісі Кармен Лусия бейсенбі күні Болсонаруға тағылған бес айыптың барлығын қолдап дауыс берді. Ол төрешілер Александр де Мораес пен Флавио Диноның жағына шықты.

«Заң барлығына бірдей қолданылуы тиіс», – деді Лусия өз шешімін жариялаған кезде. Ол бұл істі Бразилияның жас демократиясы үшін маңызды сынақ деп атады.

Болсонару өткен айдан бері үй қамауында отыр және сот отырыстарына қатыспады. Ол өзін саяси қуғынға ұшыраған құрбан деп санайды. Оның одақтасы АҚШ президенті Дональд Трамп бұл істі «саяси қуғын-сүргін» деп атап, Бразилиядан келетін импортқа 50 пайыздық салық енгізді.

Бейсенбі күні Трамп Болсонарудың сотталуына риза еместігін білдірді. «Мен сотты көрдім. Мен Болсонаруды жақсы білемін, шетелдік көшбасшы ретінде. Бразилияның жақсы президенті болды деп ойлаймын. Бұл жағдай таңқаларлық», – деді Трамп Ақ Үйде журналистерге.

«Бұл маған қарсы жасалған әрекеттерге ұқсас, бірақ олар менімен ештеңе істей алмады. Бірақмынаны айта аламын: мен оны Бразилияның президенті ретінде білдім. Ол жақсы адам еді», – деп қосты Трамп.

Бұл сот ісі Бразилия қоғамын екіге бөлді: біреулер оны әділеттілік деп санаса, басқалары оны саяси қудалау деп бағалайды. Болсонарудың жақтастары қазір оны түрмеден қорғау үшін амнистия туралы заң қабылдауға Конгресті итермелеуде.

Бұл іс АҚШ пен Бразилия арасындағы қарым-қатынасты да шиеленістірді. Тарифтерден бөлек, Вашингтон Мораес пен басқа да төрешілерге санкция салды, сыншылар бұл әрекетті Бразилияның сот жүйесін әлсіретеді деп санайды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұл жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, Оңтүстік Американың ең ірі экономикасына ауыр салық енгізілгенін айтты.

«Адам құқықтарын бұзушы Александр де Мораес пен оның әріптестері Болсонаруды әділетсіз түрде түрмеге қамау туралы шешім қабылдады», – деп жазды Рубио “X” әлеуметтік желісінде. «АҚШ бұл саяси қуғын-сүргінге сәйкес жауап береді», – деді ол.

Іздеу
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды