Ливан бір күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады

Израильдің Бейрут, Бекаа алқабы, Ливан тауы, Сидон және оңтүстік ауылдарында кем дегенде 254 адамның өліміне және 1100-ден астам адамның жаралануына себеп болған соққыларынан кейін Ливанда бір күндік ұлттық аза тұту жарияланды.

By
Ливан бір күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады / Reuters

Ливан Израильдің шабуылдары салдарынан кем дегенде 254 адам қаза тауып, 1165 адам жарақат алғаннан кейін бір күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады. Ливанның Азаматтық қорғаныс бөлімінің мәліметінше, Тель-Авивтің «жабайы шабуылдарының» ең қанды күндерінің бірінде көптеген адам шығыны тіркелген.

Баалбек, Набатия, Сидон және Тир қалаларын қосқанда бүкіл ел бойынша құрбан бар екені хабарланды. Ливан премьер-министрі Наваф Салам атысты тоқтату талпыныстарына қарамастан Израильді «халық тығыз қоныстанған тұрғын аудандарға» шабуыл жасады деп айыптады.

Ливан Президенті әкімшілігі сонымен қатар 2024 жылғы қарашадағы бітімгершілік келісімінен бері өткен 15 айдан астам уақыт ішінде “Израильге тежеу болмай, сансыз бұзушылық тіркелгенін» атап өтті. Президент әкімшілігі Израильдің шабуылдарды жалғастырудағы табандылығы «барлық адамзаттық құндылықтарға қайшы» екенін де қоса кетті.

Осы арада Израиль Бас штабының бастығы Эяль Замир армияның шабуылдарды «үзіліссіз» жалғастыратынына уәде берді. Израиль армиясы Бейрут, Бекаа алқабы және Оңтүстік Ливан бойынша «10 минут ішінде» 100-ден астам нүктені соққыға алғанын жариялады.