САЯСАТ
1 ... минут оқылды
БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинадағы соғысты тоқтату туралы қарар қабылдады
БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинадағы соғысты тоқтату туралы қаулыны қабылдады. 45-тен астам ел мақұлдаған қарар 107 қолдау, 12 қарсы,  51-і қалыс дауыс жинаған.
БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинадағы соғысты тоқтату туралы қарар қабылдады
БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинадағы соғысты тоқтату туралы қарар қабылдады / Reuters

 БҰҰ Бас Ассамблеясы сейсенбі күні Украинада жан-жақты, әділ және тұрақты бейбітшілікке шақыратын қарарды қабылдады. Дауыс беру барысында АҚШ қалыс қалып, Ресей қарсы екендігін білдірді.

Украинадағы соғысты тоқтатуға арналған қарар 107 қолдау тауып, 12 қарсы және 51 қалыс дауыспен қабылданды.

Украина ұсынған және 46 ел қолдаған қарарда соғыстың өңірге және жаһанға кері әсері басым екендігі аталды. Сондай-ақ Ресейдің «бейбіт тұрғындарға, азаматтық нысандарға және аса маңызды энергетикалық инфрақұрылымға» бағытталған шабуылдарына, гуманитарлық жағдайдың нашарлауына қатты алаңдаушылық білдірілді.

Бас Ассамблея Қарарда Украинаның егемендігіне, тәуелсіздігіне, бірлігіне және аумақтық тұтастығына бағытталған берік ұстанымды қайта растады.

Сондай-ақ «шұғыл, толық және шартсыз бітімге» шақырған қарар сенімді арттырудың негізгі шаралары ретінде соғыс тұтқындарын, заңсыз ұсталған барлық адамдарды босатуды және балаларды қоса алғанда, мәжбүрлі түрде қоныс аударған немесе депортацияланған бейбіт тұрғындардың қайтарылуын талап етті.

Осы тұста АҚШ қарардың бір бөлігін негізгі мәтіннен бөліп, оған бөлек дауыс беру туралы ұсыныс тастады.

Украинаның Сыртқы істер министрі орынбасары Марьяна Беца бұл ұсынысқа қарсы шығып, оның алаңдатарлық және қабылдауға болмайтынын атады.

Ал АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Тэмми Брюс қарардағы кейбір тұжырымдар тұрақты бейбітшілікке апаратын барлық дипломатиялық жолды талқылауды қолдаудың орнына назарды басқа жаққа бұруы мүмкін екендігін атап өтті.

Іздеу
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты
Израиль сарбаздары жаралаған палестиналық көз жұмды
БҰҰ Бас хатшысы Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады
Оңтүстік Перуде 6,7 балдық жер сілкінісі болды
Ресей Иранды келіссөзді қайта бастауға мәжбүрлемейтінін айтып, АҚШ-ты Тегеранға қарсы соғыста агрессор деп атады
Сирия мен Пәкістан өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты
Сыртқы істер министрі  Мысыр және Сауд Арабиясындағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Швейцария Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін мақұлдады
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады