ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
АҚШ-тың әскери ұшағы Ирактың батысында апатқа ұшырады
АҚШ Орталық қолбасшылығы «KC-135» ұшағының Ирак үстінде апатқа ұшырағанын хабарлады.
АҚШ-тың әскери ұшағы Ирактың батысында апатқа ұшырады
АҚШ-тың әскери ұшағы Ирактың батысында апатқа ұшырады / Reuters
 

АҚШ армиясының мәліметінше, АҚШ-тың «KC-135» жанармай құюға арналған әскери ұшағы Ирактың батысында апатқа ұшырады. Ал оқиғаға қатысы бар екінші ұшақ қауіпсіз түрде қонды.

Таяу Шығыстағы АҚШ күштеріне жауапты АҚШ Орталық қолбасшылығы мәлімдемесінде: «Ұшақтардың бірі Ирактың батысында апатқа ұшырады, ал екіншісі қауіпсіз қонды. Бұл оқиға жау атысының да, дос атысының да салдарынан болған жоқ», – деп хабарлады.

«KC-135» ұшағы Иранға қарсы соғыс кезінде жойылған АҚШ-тың төртінші әскери ұшағы. Бұған дейін Кувейт үстінде үш «F-15» жойғыш ұшағы атып түсірілген.

АҚШ Әуе күштерінің мәліметіне сәйкес, 60 жылдан бері пайдаланылып келген «KC-135» әдетте үш адамнан тұратын экипажбен ұшады. Олар ұшқыш, екінші ұшқыш, басқа ұшақтарға жанармай құюға арналған жүйені басқаратын оператор.

Алайда Әуе күштерінің деректеріне қарағанда, кейбір «KC-135» миссиялары навигация офицерін қажет етеді және ұшақ 37 жолаушыға дейін тасымалдай алады.

28 ақпанда басталған соғыстың алғашқы кезеңінде Кувейт күштері абайсызда үш америкалық «F-15E» жойғыш ұшағын атып түсірген. Бірақ АҚШ Қолбасшылығының мәліметінше, бұл ұшақтардағы алты экипаж мүшесі  катапульт арқылы аман қалған.

ҚатыстыКУВЕЙТТЕ ҚҰЛАҒАН АҚШ-ТЫҢ F-15 ӘСКЕРИ ҰШАҒЫНЫҢ ҰШҚЫШЫ ӨЗІН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Қолбасшылық бұл оқиға Иранның ұшақтары, баллистикалық зымырандары және ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылдары жүріп жатқан қақтығыс кезінде болғанын хабарлаған.

Іздеу
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті