САЯСАТ
1 ... минут оқылды
АҚШ Иранға қайта шабуылдады
АҚШ Орталық қолбасшылығы жаңа шабуылдардың АҚШ президентінің сауда кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бұйрығы негізінде жасалғанын растады.
АҚШ Иранға қайта шабуылдады
АҚШ Иранға қайта шабуылдады / Reuters

Иранның бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ Иранға қарсы жаңа шабуылдар бастағаннан кейін елдің әртүрлі аймақтарында жарылыстар болған.

Иранның мемлекеттік «IRIB» телеарнасы елдің оңтүстігіндегі Хормозган уәлаятының орталығы Бандар-Аббас қаласында жарылыс болғанын хабарлады.

Жартылай ресми «Fars» ақпарат агенттігі Кешм аралы мен оған жақын су айдынында жарылыстардың дыбысы естілгенін, сондай-ақ Хормозган уәлаятындағы Сирик қаласында тағы бір жарылыс болғанын мәлімдеді.

Иранның ресми «IRNA» ақпарат агенттігі  де оңтүстіктегі Фарс уәлаятының Шираз қаласында жарылыс болғанын хабарлады.

Бұған дейін елдің оңтүстік-шығысындағы Систан және Белуджистан уәлаятындағы Чабахар мен Конарак қалаларында 14 жарылыс дыбысы естілген еді.

Жартылай ресми «Mehr» ақпарат агенттігі Иранның оңтүстігіндегі Бушер атом электр станциясының маңында әуе қорғаныс жүйелері іске қосылғанын хабарлады.

«Mehr» ақпарат агенттігі Исфахан қаласында да екі жарылыс болғанын мәлімдеді.

Алайда кейінірек Иранның бұқаралық ақпарат құралдары Исфахан уәлаятының қауіпсіздік және құқық қорғау мәселелеріне жауапты губернатор орынбасарының аймақта ешқандай шабуыл да, жарылыс та болмағанын мәлімдегенін жеткізді.

Оқиға салдарынан қаза тапқандар немесе материалдық шығын туралы әзірге ақпарат жарияланған жоқ.

АҚШ Орталық қолбасшылығы бас қолбасшының тапсырмасымен Иранға қарсы жаңа әуе шабуылдары басталғанын мәлімдеді. Қолбасшылықтың айтуынша, бұл операциялар Иранның Ормуз бұғазында сауда кемелеріне шабуыл жасау үшін пайдаланатын әскери мүмкіндіктерін одан әрі әлсіретуді көздейді.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Іздеу
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Немрут тауына келушілер көбейді
Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін жұмысын толық тоқтатты
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Мекке келісімі ешбір елді ортақ жау ретінде қарастырмайды»
Анкарада ірі қаржылық қылмысқа қатысты операция басталды
Иран теңіздегі экологиялық залал үшін өтемақы талап етуде
АҚШ-тың Израильдегі елшісі Батыс Шериядағы еврей қоныстанушыларының «террорлық әрекеттерін» айыптады
Түркия 2027 жылы Айға өз аппаратын ұшырады
БАӘ королінің ұшағының Иранға барғаны туралы мәлімдеме
Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазы туралы мәлімдемесін жоққа шығарды
Иранның Сыртқы істер министрінен Францияға жауап
Ресей “Telegram” мен “Google” компанияларына 26 миллион рубль айыппұл салды
Ресей президенті Путин Куриль аралдарына барды