ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия жасанды интеллект қолдауымен жұмыс істейтін камикадзе ҰҰА-сын таныстырды
“Baykar” компаниясының жаңа «K2» ұшқышсыз ұшағы топтасып (рой) автономиялы түрде ұша алады, 200 килограммдық ьұмсықты тасымалдауға қабілетті және қысқа немесе арнайы дайындалмаған жолақтардан ұшып шыға алады.
Түркия  жасанды интеллект қолдауымен жұмыс істейтін камикадзе ҰҰА-сын таныстырды
Түркия жасанды интеллект қолдауымен жұмыс істейтін камикадзе ҰҰА-сын таныстырды / Others

Түріктің ұшқышсыз ұшақ өндірушісі «Baykar» компаниясы сенбі күні Дмитрий Шостаковичтің «№2 вальс» туындысының сүйемелдеуімен дайындалған таныстырылым бейнеролигі арқылы «K2» жаңа камикадзе ұшқышсыз ұшағын таныстырды.

Ұшу мен нысананы көздеу озық жасанды интеллект жүйелерімен жабдықталған «K2» жасанды интеллект негізіндегі визуалды қабылдау технологиясының арқасында навигация, нысананы анықтау және шабуылдау процестерінде автономиялы топтық (сүйірленіп ұшу) операцияларын жүзеге асыра алады.

Ұшқышсыз ұшақтың ұшу қашықтығы 2 000 шақырымнан асатыны, 200 килограммдық тұмсықты таси алатыны және ең жоғарғы ұшу салмағы 800 килограмм екені атап көрсетілді. Көптеген тапсырманы орындауға арналған бұл жүйенің қысқа немесе дайындығы жоқ ұшу жолақтарынан көтеріле алатыны да айтылды.

Әлемнің көптеген еліне ұшқышсыз ұшақ экспорттайтын «Baykar» компаниясының қазіргі өнімдерінің қатарында тактикалық кластағы «Bayraktar TB2», жоғары биіктіктегі «Bayraktar Akıncı», кемелерден ұшып шыға алатын «Bayraktar TB3» және реактивті қозғалтқышты «Bayraktar Kızılelma» бар.

Іздеу
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті
Ирак Иран мен Сауд Арабиясына ортақ қауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды
Түркияның электр энергетикасының жалпы қуаты 126 мың 476 мегаватқа жетті
Сирияның сыртқы істер министрі: "Түркия Сирияны қалпына келтіруде негізгі серіктес"
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
БҰҰ баяндамашысы Израиль әскерлерін «ең арсыз армия» деп атады
Индонезия мен Қытай сыртқы істер министрлері кездесті
Украина: «Ресейдегі мұнай өңдеу зауыты мен Мариновка әскери әуежайына шабуыл жасадық»
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты