ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркияның қорғаныс экспорты 10 миллиард доллардан асты
Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр Түркияның қорғаныс экспорты 10 миллиард доллардан асқанын хабарлады.
Түркияның қорғаныс экспорты 10 миллиард доллардан асты
Түркия Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр.
 

Бүгін басталған “SAHA 2026” халықаралық қорғаныс, авиация және ғарыш өнеркәсібі көрмесі 9 мамырға дейін жалғасады.

Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр іс-шараның ашылу салтанатында жаһандық қорғаныс шығынының соңғы 10 жылда 41 пайыз өсіп, 2025 жылы 2,9 триллион долларға жеткенін атап өтті. «Қазіргі геосаяси шиеленістер бұл өсім қарқынының жалғасатынын көрсетеді», – деді ол.

Кажыр Түркияның қорғаныс жабдықтарындағы отандық өнім үлесін соңғы 23 жылда 20 пайыздардан 80 пайыздан жоғары деңгейге көтергенін айтты. Оның сөзінше, бүгінде әлемде сатылатын әрбір үш әскери ұшқышсыз ұшу аппаратының екеуін түрік компаниялары өндіреді, ал Түркия — өз әскери кемесін жобалап, әзірлеп және өндіретін 10 елдің бірі.

«Қорғаныс өнеркәсібі компанияларымыз жыл сайын дамуда»

Кажыр 5-буын жойғыш ұшағы “KAAN”-нан “Bayraktar TB3”-ке, “GÖKDOĞAN” және “BOZDOĞAN” әуе-әуе зымырандарынан “Bayraktar KIZILELMA” ұшқышсыз жауынгерлік ұшағына, “ALTAY” танкінен “HÜRJET”-ке, түрлі биіктік пен қашықтықтағы әуе қатерлерінен қорғайтын «Болат күмбез» жүйесінің элементтеріне дейін Түркияның табысын көрсететін көптеген қорғаныс өнеркәсібі өнімі бар екенін айтып, былай жалғастырды:

«2002 жылы 248 миллион доллар болған қорғаныс экспортымыз белсенді қорғаныс дипломатиямыздың және компанияларымыздың жаһандық нарыққа бағытталған тәсілдерінің арқасында өткен жылы 10 миллиард доллардан асты. Қорғаныс экспорты бойынша әзірге ең ірі 11-елміз. Бұл қарқынның арта түсетінін білеміз, өйткені қорғаныс өнеркәсібі компанияларымыз жыл сайын өндіріс пен технология дамыту қуатын тұрақты түрде арттырып келеді. Қорғаныс өнімдерінде 80 пайыз сыртқа тәуелді әрі қауіпсіздік қатерлері алдында қорғаныс әлеуетін күшейтуге бет алған Еуропаға керек шешім серіктесі — Түркия. Біздің секторымыз майданда ойын өзгертуші рөлін дәлелдеген, жоғары технологияға негізделген әрі тиімді құнды кең өнімімен Еуропа қорғаныс экожүйесіне қажет шешімдерді ұсына алатын деңгейде».

ҚатыстыTRT Қазақ - Стамбулда «SAHA 2026» көрмесі басталды
Іздеу
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды