ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ресей мен Қазақстан атом электр станциясының жол картасына қол қойды
Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы Қазақстанда жоғары қуатты атом электр станциясын салу бойынша халықаралық консорциумға жетекшілік етеді.
Ресей мен Қазақстан атом электр станциясының жол картасына қол қойды
Russia, Kazakhstan agree on nuclear power plant roadmap / AFP

Ресей мен Қазақстан Қазақстанда атом электр стансасын салу мерзімін нақтылайтын құжаттарға қол қойып, келісімге келді.

«Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев пен Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында өткен салтанатты іс-шарада қол қойды», - деп хабарлайды «РИА Новости» ақпарат агенттігі.

Қазақстан бұған дейін елде қуатты атом электр станциясын салу міндеті жүктелген халықаралық консорциумның жетекшісі ретінде «Росатомды» таңдаған болатын.

Ресей президенті Владимир Путин қараша айында Қазақстанға келіп, энергетика және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты арттыру мәселелерін талқылады. Қазақстан өз мұнайының басым бөлігін Ресей арқылы экспорттайды, бірақ балама жол іздеуде.

Қазан айында Қазақстан алғашқы атом электр станциясын салу бойынша референдум өткізді. Халық атом электр станциясының салынуын қолдады. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаған бұл жоспарды кейбір қазақстандықтар сынға алды.

Іздеу
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”
АҚШ және 9 ел жасанды интеллект қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Эстония 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарасын жабады
Израильде сайлау кезіндегі арандатушылыққа Нетаньяхудың қатысы бар деген күдік туды
«Түркия Палестинаны қолдауды жалғасырады»
НАТО-ның келесі саммиті Албанияда өтеді
Президент Ердоған: «Палестина күресін барлық мінберде қорғаймыз»
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
Украина Ресейдің Волгоград қаласына шабуыл жасады
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр