ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия Сомалидің терроризммен күресіне бағытталған әуе және құрлықтағы әскери қолдауын арттыруда
Түркия «Әл-Шабабтың» Могадишодағы лаңкестік шабуылдарының қайта жиілеуіне байланысты аймақтағы әскери болмысын күшейту туралы шешім қабылдады.
Түркия Сомалидің терроризммен күресіне бағытталған әуе және құрлықтағы әскери қолдауын арттыруда
Түркия Сомалидің терроризммен күресіне бағытталған әуе және құрлықтағы әскери қолдауын арттыруда / AA Archive

Түрік қауіпсіздік қызметінің өкілдері Сомали астанасы Могадишо мен оның төңірегінде шабуылдар үдеген тұста, Түркия елдің терроризммен күресіне қолдау көрсету аясында Сомалидегі әуе және құрлық күштерін кеңейтіп, әскери қуатын нығайтқанын хабарлады.

Бейсенбі күні жасалған мәлімдемеде Сомали-Түркия жедел тобы мен Түркия әуе қолбасшылығы әскери көмек, дайындық және кеңес беру қызметтері арқылы Сомалидің терроризмге қарсы әлеуетін арттыруды жалғастырып жатқаны айтылды. Ресми өкілдер Сомалидегі Түрік әуе күштері қолбасшылығының нығайтылғанын және жаңа бөлімшелердің терроризмге қарсы операцияларға қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Сомалидің «Әл-Шабабпен» күресі

Сомали он жылдан бері «Әл-Каидамен» байланысы бар «Әл-Шабаб» лаңкестік ұйымымен күресіп келеді. Ұйым Сомали күштері, Африка Одағы әскерлері мен халықаралық серіктестердің әскери қысымына қарамастан, әсіресе Могадишо мен іргелес аймақтарда бомбалы шабуылдар, қастандықтар мен күрделі лаңкестік әрекеттер ұйымдастыруын тоқтатар емес.

Сомали билігі бүкіл ел көлемінде операция жүргізіп жатқанымен, «Әл-Шабаб» соңғы айларда мемлекеттік мекемелерге, қауіпсіздік күштеріне және халық көп жиналатын орындарға шабуылдарын жиілетіп, қауіпсіздік жүйесіндегі осал тұстарды пайдалана алатынын көрсетті.

Түркияның тұрақты қолдауы

Түркия Могадишода ірі әскери оқу базасын құрып және Сомали ұлттық армиясына жан-жақты қолдау көрсету арқылы елдің ең жақын қауіпсіздік серіктестерінің біріне айналды. Мыңдаған сомалилік сарбаз түрік нұсқаушыларынан тәлім алса, Түркия жабдықтармен, техникалық қолдаумен және операциялық кеңестермен қамтамасыз етті.

Түрік ресми өкілдерінің айтуынша, басты мақсат — Сомалидің ұзақ мерзімді тұрақтылығын сақтауға, шетелдік күштерге тәуелділігін азайтуға және өз-өзіне жеткілікті қауіпсіздік жүйесін құруға көмектесу.

Іздеу
Оңтүстік Корея Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты мұқият бақылауда
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Шара: «Президент Ердоған Сирияға қарсы санкцияларды жоюға араағайын болды»
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды