ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түрік қорғаныс өнеркәсібінің өнімдері НАТО саммитінде таныстырылады
Түрік Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы «НАТО саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумы – 2026» аясында «TUSAŞ»-та жоғары деңгейлі қатысушыларға арналған қабылдау рәсімін өткізеді.
Түрік қорғаныс өнеркәсібінің өнімдері НАТО саммитінде таныстырылады
Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі (TUSAŞ)

Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы «НАТО саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумы – 2026» аясында стратегиялық маңызы бар іс-шара ұйымдастырмақ.

«НАТО саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумы – 2026» шеңберінде Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының төрағасы Халюк Гөргүннің қабылдауымен Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібінің яғни «TUSAŞ»-тың Кахраманказандағы нысандарында жоғары деңгейдегі қатысушыларға арналған іс-шара өтеді.

Түркияның қорғаныс өнеркәсібі саласындағы әлеуетіне, халықаралық ынтымақтастығына және одақтастық рухына негізделетін бағдарламаға көптеген шетелдік қонақ қатыспақ.

Іс-шараға НАТО мен одақтас елдердің лауазымды өкілдері, сондай-ақ халықаралық қорғаныс өнеркәсібі компанияларының басшылары қатысады.

Түрік қорғаныс өнеркәсібінің өнімдері қатысушылар назарына ұсынылатын іс-шарада авиациялық платформалар әуеде көрсетіледі. Бағдарлама аясында ұлттық әуе платформаларының көрсетілімі болады.

НАТО лидерлері саммиті 7–8 шілде күндері Анкарада өтеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия НАТО саммиті алдында одақ ішіндегі рөлін нығайтуда
Іздеу
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Украина мәселесі бойынша Әбу-Дабиде келіссөз басталды
Қытай ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тапқан америкалық ұшқыштардың сүйектерін АҚШ-қа тапсырды
Президент Трамп: “Иранға қарсы жаңа операция қажет емес, бірақ біз дайынбыз”
Түркия мен Өзбекстан қоршаған ортаны қорғау саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойды
Резаи Трампты Иранның 7 талабын қабылдауға шақырды
Аныткабірде ұлы көшбасшы Ататүрікті еске алу рәсімі өтті
Фон дер Ляйен Түркия, Румыния және Болгария арасындағы ынтымақтастықты құптады
Президент Ердоған «Apple» басшысы Тим Кукты қабылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір мешітке басып кірді
COP31 қатысушылары Ататүрікті бір минут үнсіздікпен еске алды