ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Волгоград облысында бір ауыл эвакуацияланды
Ресей билігі әуе қорғанысы Волгоград облысында бір шабуылды тойтарғанын, алайда құлаған зымыран қалдықтары Котлубан маңындағы Қорғаныс министрлігіне тиесілі нысанда өртке себеп болғанын мәлімдеді.
Волгоград облысында бір ауыл эвакуацияланды
Волгоград облысында бір ауыл эвакуацияланды / Reuters Archive

Ресей Волгоград облысында жасалған зымыран шабуылын тойтарғанын, бірақ құлаған қалдықтар әскери нысанда өрттің шығуына себеп болып, жақын маңдағы ауылдың эвакуацияланғанын хабарлады.

Облыс губернаторы Андрей Бочаров бейсенбі күні «Telegram» желісінде «Ресей Қорғаныс министрлігінің әуе қорғаныс бөлімшелері Волгоград облысына бағытталған зымыран шабуылын тойтарды», - деп жазды.

Бочаровтың айтуынша, құлаған қалдықтар Котлубан ауылы маңындағы Қорғаныс министрлігіне қарасты нысан аумағында өртке себеп болған, алайда оқиға орны туралы толық мәлімет берілмеді.

Қаза тапқандар болмаса да, өртті сөндіру кезінде жарылыс қаупі туындауына байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Котлубан ауылында эвакуация туралы бұйрық берілген.

Губернатор сондай-ақ Ресейдің солтүстігіндегі Тамбов облысында Украинаға тиесілі ұшқышсыз әуе аппаратының шабуылы салдарынан шыққан өртке байланысты университет студенттері эвакуацияланғанын айтты.

Тамбов облысының губернаторы Евгений Первышов: «Өрт сөндірілді. Ешкім зардап шекпеді», - деді.

Шамамен төрт жылға созылған соғысты тоқтатуға бағытталған келіссөздер жалғасып жатқан кезде Ресей мен Украина бір-бірін бұл үдерісті бұзуға бағытталған шабуылдар жасаумен айыптауда.

Тараптар АҚШ-тың қысымымен келіссөздерді бастағанымен, Мәскеудің Украинадан ауқымды аумақтық және саяси жеңілдіктер талап етуіне байланысты келіспеушілік сақталуда. Киев мұны берілуге тең деп санайды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Украина, Ресей және АҚШ өкілдері Абу-Дабиде кездеседі

Ресей Украинаға қарсы әскери операциясын 2022 жылдың ақпанында бастады және 2014 жылы аннексиялаған Кырымды қоса алғанда ел аумағының шамамен бестен бір бөлігін бақылауда ұстап отыр.

 

Іздеу
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Украина мәселесі бойынша Әбу-Дабиде келіссөз басталды
Қытай ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тапқан америкалық ұшқыштардың сүйектерін АҚШ-қа тапсырды
Президент Трамп: “Иранға қарсы жаңа операция қажет емес, бірақ біз дайынбыз”
Түркия мен Өзбекстан қоршаған ортаны қорғау саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойды
Резаи Трампты Иранның 7 талабын қабылдауға шақырды
Аныткабірде ұлы көшбасшы Ататүрікті еске алу рәсімі өтті
Фон дер Ляйен Түркия, Румыния және Болгария арасындағы ынтымақтастықты құптады
Президент Ердоған «Apple» басшысы Тим Кукты қабылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір мешітке басып кірді
COP31 қатысушылары Ататүрікті бір минут үнсіздікпен еске алды