ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы тағы 45 миллион адамды аштыққа ұшыратуы мүмкін
БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (WFP) мәлімдемесіне сәйкес, соғыс тудырған бағаның өсуі жаһандық аштық деңгейін рекордтық көрсеткіштерге жеткізіп, гуманитарлық көмекті қаржыландыруды қиындатуы мүмкін.
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы тағы 45 миллион адамды аштыққа ұшыратуы мүмкін
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы тағы 45 миллион адамды аштыққа ұшыратуы мүмкін / Reuters

Біріккен Ұлттар Ұйымы Таяу Шығыстағы соғыс маусым айына дейін жалғасатын болса, қосымша 45 миллион адамның аштыққа тап болуы мүмкін екенін және дүние жүзіндегі бұл көрсеткіштің «қорқынышты» деңгейге көтерілетінін ескертті.

Соғыстың үшінші аптасында жүздеген адам қаза тапты, қақтығыс Иранның Израиль мен Шығанақ елдеріне қарымта соққы беруімен және Ливанда Израиль мен «Хезболла» арасында жаңа майданның ашылуымен өршіп кетті.

«Егер Таяу Шығыстағы қақтығыс маусым айына дейін созылса, бағаның өсуіне байланысты қосымша 45 миллион адам аштыққа ұшырауы мүмкін», — деді БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (WFP) атқарушы директорының орынбасары Карл Скау сейсенбі күні Женевада өткен баспасөз мәслихатында.

«Бұл жаһандық аштық деңгейін барлық уақыттағы рекордтық көрсеткішке жеткізеді және бұл өте қорқынышты болжам», — деп қосты ол. Қазірдің өзінде тарихи рекорд саналатын 319 миллион адам азық-түлік қауіпсіздігінің жоқтығынан зардап шегуде. Скау мырза: «Бұл жағдайды мүлдем басқа деңгейге шығарады», — деп атап өтті.

Скаудың айтуынша, WFP 28 ақпанда соғыс басталғанға дейін-ақ «жойқын дағдарыспен» бетпе-бет келген болатын. Экстремалды ауа райы құбылыстары, қақтығыстар мен кейбір аймақтарда жарияланған аштық салдарынан «аштық ешқашан мұндай ауыр болған емес» деді ол.

«Сонымен қатар ресурстар 2023 және 2024 жылдардағы деңгейден күрт төмендеді» деді ол. Қызметкер санын қысқартып, операцияларды ықшамдауға мәжбүр болғандарын айтқан Скау «Негізінде біз мүмкіндігіміздің шегіне жеттік», — деді.

Іздеу
Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Әзербайжанда кездесу өткізді
Грек соты төрт түрікті соттады
АҚШ пен Иран Швейцариядағы жоғары деңгейлі келіссөздерді аяқтады
Иран: «Ливандағы қақтығысты тоқтату талпыныстары ілгерілеуде»
Сирия президенті елінің Ливанға қатысты жаңа көзқарасын түсіндірді
Министр Фидан Каирде бірқатар кездесу өткізді
Зеленский Ресейдің ауқымды шабуылға дайындалып жатқанын мәлімдеді
НАТО Парламенттік саммиті Стамбулда өтеді
Каирде жиналыс өтті
Түркия Германияны 3:2 есебімен жеңді
"Түркі Мемлекеттері Ұйымы Білім Ақпарат Желісі" құрылатын болады
Түркияда білім алатын палестиналық студенттердің шығындарын "Baykar" өтейді
Грекияда 2025 жылы туу көрсеткіші төмендеді
Түркия мен Қырғызстан қалалық жоспарлау бойынша келісімге қол қойды
Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылдарынан 18 адам қаза тапты