САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Араб елдері батыстың Палестинаны мойындауын қуанышпен қабылдады
Палестинаның танылуы Израильдің ашуын тудырды. Геноцид жасаушы Нетаньяху «Палестина мемлекеті құрылмайды» деп мәлімдеді.
Араб елдері батыстың Палестинаны мойындауын қуанышпен қабылдады
БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің көпшілігі Палестинаны мемлекет ретінде мойындады. / Reuters

Араб елдері мен ұйымдары Ұлыбритания, Канада, Австралия және Португалия сияқты батыс мемлекеттерінің Палестинаны ресми түрде мойындауын қуанышпен қабылдады.

Сауд Арабиясы жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде бұл дос елдер бейбітшілік жолын қолдауға және екі мемлекет негізіндегі шешімге қатысты заңды БҰҰ қаулылары негізінде растағанын айтты.

Кувейт Сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемесінде бұл мойындау аймақтағы бейбітшілік мүмкіндігін арттырып, екі мемлекетке негізделген шешімге бағытталған халықаралық күш-жігерді қолдауға үлес қосатынын атап өтті. Сондай-ақ министрлік өңірдегі қауіпсіздік, тұрақтылық және өркендеудің жалғасуы үшін басқа да елдерді осындай қадам басуға шақырды.

Оман да бұл шешімді екі мемлекет негізіндегі шешім мен өңірлік қауіпсіздік пен бейбітшілікке қатысты аса маңызды оқиға деп бағалап, мәлімдемелерді құптады. Оман Сыртқы істер министрлігі Палестинаны әлі мойындамаған мемлекеттерді 1967 жылғы шекаралар негізінде астанасы Шығыс Иерусалим болатын тәуелсіз мемлекетін құру жөніндегі Палестина халқының құқығын қамтамасыз ету үшін Палестина мемлекетін мойындауға шақырды.

Иордания Король сарайының хабарлауынша, Король ІІ Абдулла Нью-Йоркте Австралия премьер-министрі Энтони Албанеземен кездесу барысында Австралияның Палестинаны мойындау шешімін жоғары бағалады. Иордания Сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания, Канада және Австралия тарапынан жасалған ресми мойындаудың басқыншылықты тоқтату және палестиналықтардың екі мемлекет негізінде өз мемлекетін құру жөніндегі құқығын жүзеге асыруға бағытталған артып келе жатқан халықаралық ерік-жігермен үйлесімді екенін тағы да қайталады.

Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі бұл мәлімдемелерді «әділет пен халықаралық заңдылыққа жету жолындағы маңызды тарихи оқиға» деп атады.

Ұлыбритания, Канада, Австралия және Португалия БҰҰ Бас Ассамблеясы қарсаңында Палестинаны ресми түрде мойындаған болатын. Қазіргі таңда БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің шамамен төрттен үші Палестинаны мойындаған. Өткен жылы Ирландия, Испания және Норвегия бұл шешімді ресми түрде қабылдады.  

 

Іздеу
Трамп «АҚШ-та оқ-дәрі қоры азайды» деген ақпаратты жоққа шығарды
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
Иран президенті: «Территория тұтастығымызды қорғаймыз, бірақ соғысты кеңейтуге ниетті емеспіз»
Нетаньяху атысты тоқтатудан бас тартты
Шілде айында Газада 150-ден астам палестиналық қаза тапты
Сирия, БАӘ және Сауд Арабиясы өңірлік қауіпсіздікті талқылады
ЕО Украина қорғанысына 3,47 млрд еуро бөлді
Иран Иорданиядағы АҚШ-тың әскери базасына шабуылдады
Иран АҚШ пен Сауд Арабиясының Ирактағы әуе шабуылдарын айыптады
Израиль Батыс Шерияда «Хүда Құран Кәрім» радиосының жұмысын тоқтатты
Ақ Үй алдында шеру өтті
Иран Сыртқы істер министрі әріптестерімен Парсы шығанағындағы ахуалды талқылады
Путин: “Ресей өз мақсаттарына жету үшін бар күшін салады”
Иран балама бағытпен өтпек болған алты кемені тоқтатты
Шара: «Президент Ердоған Сирияға қарсы санкцияларды жоюға араағайын болды»
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады