ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Бұл декларация министрлерді, депутаттарды және ғарыш агенттіктерінің басшыларын ғарышты бейбіт, тұрақты және жауапкершілікпен пайдалану мақсатында біріктірді.
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Анталия декларациясына 21 ел қол қойды / AA

Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр Анталияда өтіп жатқан Халықаралық астронавтика конгресі (IAC) аясында 21 елден келген делегаттардың тарихи мәні бар Анталия декларациясын бекіткенін жариялады.

Бұл — IAC ұйымдастырған Министрлер мен Парламентарийлер кездесуі (MMoP) шеңберінде ресми бірлескен декларацияның қабылданған алғашқы үлгісі.

Үкімет министрлерінен, заң шығарушылардан және ұлттық ғарыш агенттіктерінің басшыларынан тұратын жалпы саны 32 қатысушы Халықаралық астронавтика федерациясының (IAF) халықаралық ғарыш өзара іс-қимылын кеңейтудегі рөлін қайта растайтын мәтінді қабылдады.

Бұл жоғары деңгейдегі отырыс ғарышты бейбіт мақсатта пайдалану, жаңадан пайда болып жатқан ғарыш миссиялары, құқықтық негіздер және дамып келе жатқан экономикалардың жаһандық ғарыш секторына интеграциялануы мәселелерін талқылау үшін 38 елдің өкілдіктерін бір арнаға тоғыстырды.

Түркияның 2027 жылғы Ай миссиясы

Түркия Өнеркәсіп және технология министрлігінің координациясымен “SAHA” Стамбул және Түркия ғарыш агенттігінің бірлесіп ұйымдастыруымен 5-9 қазан аралығында Анталияда 75-ші Халықаралық астронавтика конгресі өтіп жатыр.

Кажыр Анталия декларациясы президент Режеп Тайып Ердоғанның көпжақты диалог пен сындарлы ықпалдастық арқылы бейбітшілікті нығайтуға бағытталған дипломатиялық көзқарасын көрсететінін атап өтті.

Делегаттарға арнап сөз сөйлеген Кажыр: «Ғарыштағы ілгерілеу тек жер бетіндегі адамдар үшін нақты пайда әкелгенде ғана өзінің толық әрі шынайы мәніне ие болады. Алдымызда тұрған сұрақ — тек технологилық тұрғыдан қаншалықты алға жылжи алатынымызда емес, осы мүмкіндіктерді қоғамымыз үшін қауіпсіздікке, төзімділікке және әл-ауқатқа қаншалықты тиімді айналдыра алатынымызда», — деді.

Сектордың жедел коммерцияланып жатқанына назар аударған Кажыр жаһандық ғарыш экономикасының 2025 жылы рекорд жаңартып, 686 миллиард долларға жеткенін және жалпы қызметтің шамамен 80 пайызын коммерциялық бастамалар құрағанын айтты.

Ұшыру шығындарының азаюы және серіктердің көлемінің кішіреюі стартаптардың нарыққа кіру кедергілерін айтарлықтай төмендетті.

Ел ішінде үкіметтің BiGG (Инвестицияға негізделген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы) бастапқы капиталды қолдау механизмі және 750 миллион доллардан асатын венчурлық капитал бастамаларымен қолдау тапқан 300-ден астам ғарыш технологиясы компаниялары қазіргі уақытта түрік технопарктерінде жұмыс істеуде.

Сонымен қатар Кажыр Анкараның ғарышқа арналған арнайы технопарк құру жұмыстарын бастағанын және отандық гибридті қозғалтқышы бар, 80 пайыздық жергілікті үлеске ие, ел ішінде әзірленген алғашқы Ай ғарыш аппаратын 2027 жылдың басында ұшыру мақсатына қарай илгерілеп келе жатқанын растады.

Іздеу
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"
Түркия мен Франция арасындағы қорғаныс ынтымақтастығында маңызды қадам
TİKA Эфиопияда киберқылмыспен күрес бойынша оқу бағдарламасын өткізді
Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Гүлер Әзербайжан және Грузиядағы әріптестерімен кездесті
Түркия хоуситтердің шабуылын қатаң айыптады
Президент Ердоған Ұлы Ұлттық Мәжілісінің отырысына қатысты
Рейханлыдағы шабуылға қатысы бар Өмер әл-Хатип ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты мәлімдеме жарияланды
«TEKNOFEST» фестивалі басталды
Шанлыурфада «TEKNOFEST» фестивалі өтіп жатыр
«Türk Telekom» бас директоры Шахин: «Отандық ұялы телефон Малатияда өндіріледі»
Түркия мен Сауд Арабиясы дипломатиялық және арнайы паспорт иелерін визадан босатады
Хакан Фидан Хендрик Вюстпен кездесті
Президент Ердоған Үкімет отырысынан кейін халыққа үндеу жасады
Президент Ердоған Индонезия президенті Прабово Субиантомен телефон арқылы сөйлесті
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Біріккен Араб Әмірліктері президентімен кездесті
Түркия Сыртқы істер министрі БАӘ-ге сапарлай барады