ТҮРКИЯ
2 Мин оқу
«Біз мұсылман ретінде Шығыс Иерусалимдегі құқықтарымызды қорғауды жалғастырамыз»
Түркияның бейбітшілік пен әділет үшін күресетінін атап өткен Президент Израильдің қатыгез шабуылдарына ұшыраған палестиналықтарға әрдайым қолдау көрсетуге уәде берді.
«Біз мұсылман ретінде Шығыс Иерусалимдегі құқықтарымызды қорғауды жалғастырамыз»
/ AA
18 Қыркүйек 2025

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Израильдің басқыншылығына тап болған палестиналықтарға әрқашан қолдау көрсетуге уәде беріп, мұсылмандардың Шығыс Иерусалимдегі құқықтарынан ешқашан бас тартпайтынын баса айтты.

Президент Анкарада Сыртқы істер министрлігінің жаңа ғимаратының іргетасын қалау рәсімінде: «Жер бетіндегі еңселі шынар Шығыс Иерусалимді жат қолдың былғауына жол бермейміз. Гитлерге еліктейтін кейбіреулердің өшпенділігі ешқашан басылмайды» – деді.

Иерусалимді Мекке мен Мәдинамен қатар мұсылмандар үшін қасиетті рухани орталық деп сипаттаған Ердоған 1967 жылы шекарасы бекітіліп, астанасы   Шығыс Иерсалим болатын тәуелсіз Палестина мемлекеті үшін Түркияның аянбай еңбек ететінін мәлімдеді.

«Израильдің жабайы шабуылдарымен арпалысып жатқан газалық мұқтаждарға қолдау көрсетуге ешкім кедергі келтіре алмайды», – деді Президент.

Қаланы мұсылмандар басқарған кезде христиандар мен еврейлердің құқығына құрмет көрсетілген бейбітшілік пен тыныштық мекені болғанын еске салған Ердоған Иерусалимнің «бейбітшілік, тыныштық және қауіпсіздік шаһары» болуы үшін Түркияның үздіксіз күресетінін жеткізді.

Израильге сын

Президент Беньямин Нетаньяху мен Израильді аймаққа тұрақсыздық орнатты деп айыптады. Ол: «Зұлымдық, геноцид, варварлық, жазықсыз балалардың өмірімен өздеріне қауіпсіз болашақ құрамыз деп ойлағандар тарихтағы талайлар секілді түбінде жеңіліске ұшырайды, төккен қанға тұншығады», – деді.

Ердоған Сириядан Йеменге, Ливаннан Катарға дейін Израильдің шабуылына тап болған халықтармен ынтымақта болуға уәде беріп: «Қақтығыстан пайда көретіндердің, өңірімізді қанға айналдыруды көксейтіндердің, аймағымызда тұрақсыздықты орнатқандардың алдында бүгін де, Алла қаласа ертең де тік тұрамыз», – деді.

Израильге сілтеме жасай отырып, ол: «Қылмыс жасаушы ұйым болсын, мемлекет болсын, террор мен қырғын – ой-сананың тығырыққа тірелуі. Біздің өңірімізді басып алуға тырысқан бұл қанды әрекет Алла қаласа шешілетін болады», – деп қосты.

Президент Түркия ұлттық мүдделерін қорғай отырып, бірнеше дағдарысты қатар басқаратынын да атап өтті. Сондай-ақ Балқаннан Орталық Азияға, Африкадан Латын Америкасына, Еуропадан Азия-Тынық мұхиты аймағына дейінгі тұрақтылықты нығайтуға бағытталған күш-жігерге тоқталды.

«Түркия мықтылардың үстемдігіне емес, әділеттілердің үстемдігіне сенеді және сондай бір әлем үшін күрес жүргізуде», – деді.

Президент сонымен қатар тұрақтылықты сақтау, бейбітшілікті ілгерілету, өркендеу мен бауырластықты күшейту сыртқы саясаттың басымдықтары екенін атап өтті. Түркияның қорғаныс, экономикалық даму және халықаралық алаңда құқықтарын қорғаудағы одақтастарына берген қолдауын еске салды. Сыртқы істер министрлігінің тарихына тоқталып, оны «түрік бюрократиясының көзайымы» деп атады.

Экологиялық және эстетикалық тұрғыдан жан-жақты жобаланған жаңа министрлік ғимаратының Түркияның жаһандық ұстанымын бейнелейтінін және бас қала Анкараға жаңа келбет беретінін жеткізді. «Бұл кешен түрік дипломатиясының жадысын, бүгінін және болашағын бір шаңырақ астына тоғыстырады», – деді.

Іздеу
Түркияның оқу-жаттығу ұшағы «HÜRJET» «TEKNOFEST 2025» көрмесінде көздің жауын алды
Президент Түркияның күміс жүлде алған баскетбол және волейбол құрамаларын қабылдады
“TEKNOFEST” Стамбулда басталды
«Израиль - хаоспен қоректенетін күйретуші режим»
Вице-президент Джевдет Йылмаз Қырғызстанға барады
Президент Ердоған Дохада өткен саммитте  Израильді айыптады
Армения Түркияның Ағры тауының суретін паспорт мөрінен алып тастады
Түркия мен Әзербайжан қарулы күштер реформасын талқылады
Түркия соты негізгі оппозициялық партияға қарсы сотты кейінге қалдырды
Түркия президенті Ердоған Катарда
Түркияның ерлер баскетбол командасы күміс медаль алды
Түркия президенті "TOGG" компаниясының T10F көлігін қабылдап алды
Израильдің Сириядағы түрік күштерін нысанаға алғаны туралы айыптауларды жоққа шығарды
Түркия Конго Демократиялық Республикасына террорлық шабуылға байланысты көңіл айтты
Италияға іссапармен баратын Хакан Фиданның күн тәртібінде не бар?
Түркия президенті Ердоған Дохаға жасалған шабуылды айыптады