ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль күштері құрбан айт қарсаңында Батыс Шерияның оңтүстігіне рейд жүргізді
Израиль күштері Құрбан айт қарсаңында басып алынған Батыс Шерияның оңтүстігіндегі екі палестиналық елді мекенге басып кіріп, кәсіпкерлерді дүкендерін жабуға мәжбүрледі.
Израиль күштері құрбан айт қарсаңында Батыс Шерияның оңтүстігіне рейд жүргізді
Израиль күштері құрбан айт қарсаңында Батыс Шерияның оңтүстігіне рейд жүргізді / Reuters

Куәгерлер мен Палестинаның ресми ақпарат құралдарының хабарлауынша, Израиль күштері басып алынған Батыс Шерияның оңтүстігіндегі екі палестиналық елді мекенге рейд жүргізіп, кәсіпкерлерді дүкендерін жабуға мәжбүрлеген. Сондай-ақ  жергілікті тұрғындарға шабуыл жасаған.

Рейд Құрбан айт қарсаңында елді мекен орталығы адамға лық толған кезде және Палестина үкіметі мемлекеттік қызметкерлердің жалақысының бір бөлігін төлегеннен кейін жүргізілген.

Әл-Халил қаласының оңтүстігіндегі Дура елді мекеніне де рейд  жүргізілді. Куәгерлердің Анадолы агенттігіне берген сұқбатына қарағанда, Израиль күштерінің әскери көліктері халық көп жиналған елді мекен орталығына басып кіріп, көзден жас ағызатын газ қолданған және кәсіпкерлерді дүкендерін жабуға мәжбүрлеген.

Сондай-ақ куәгерлер сарбаздардың бірнеше жасөспірімді ұстап әкетіп, соққыға жыққаннан жеткізді.

«Палестина үні» радиосының хабарлауынша, Израиль күштері Бетлехемнің оңтүстігіндегі Бейт-Фаджар елді мекеніне рейд жүргізген. Рейд барысында палестиналық жастар мен Израиль күштері арасында қақтығыс болған.

Палестина әкімшілігінің мәліметіне сәйкес, израильдік басқыншылар сәуір айында басып алынған Шығыс Иерусалим мен Батыс Шерияда палестиналықтар мен олардың мүлкіне қарсы 540 шабуыл жасаған.

Ресми деректерге сәйкес, Израиль күштерінің Батыс Шерияға шабуылы салдарынан 1 162 палестиналық қаза тауып, 12 245 адам жараланған, ал шамамен 23 мың адам қамауға алынған.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль армиясы Батыс Шерияда бір баланы жаралап, тағы бір баланы ұстап алып кетті
Іздеу
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Иран Иорданиядағы АҚШ базасын нысанаға алды
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты
Непал–Қытай шекарасындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 400-ге жетті
ХАМАС Израильді Газа геноцидінің дәлелдерін жасыруға тырысты деп айыптайды
Жаңа Делиде көпқабатты ғимарат опырылып, бес адам қаза тапты
Израиль Ливанға соққы берді
Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1300-ден асты
АҚШ әскері Тынық мұхитының шығысында есірткі тасымалдады деген күдікпен бір кемені батырды
Ресей Мәскеуге қарай ұшқан 37 дронның атып түсірілгенін мәлімдеді
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылдарынан кемінде 18 адамның қаза тапқаны хабарланды
Трамп Иранды келіссөз үстеліне отырғызуға тырысып жатыр деген айыптауларды теріске шығарды
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 130-ға жетті
Польшада бастауыш мектептерде телефонға тыйым
Синайдағы автобус апатынан 16 адам қаза тапты
Нью-Йорктегі Таймс-скверде қанды шабуыл жасалды