САЯСАТ
1 ... минут оқылды
ЕО басшылары Шарамен кездесті
Еуропалық Кеңестің басшысы Антониу Кошта мен Еуропалық Комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен Сирияның әлеуметтік-экономикалық қалпына келуін қолдап, саяси диалогты арттыруға міндетті екендерін айтты.
ЕО басшылары Шарамен кездесті
ЕО басшылары Шарамен кездесті / AA

Еуропа Кеңесінің төрағасы Антониу Кошта мен Еуропа Комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Сирия президенті Ахмед Шарамен кездесті.

“Х” әлеуметтік желісінде жарияланған бірлескен мәлімдемеде ЕО жетекшілері Шарамен Сирияның өтпелі кезеңінде кездесіп отырған қиындықтар жөнінде «мазмұнды әңгіме өткізгендерін» айтты.

Мәлімдемеде одақтың «зиянды сыртқы араласулардан ада, шынайы, инклюзивті, бейбіт және Сирияның өзі басқаратын өтпелі үдерісті» қолдайтыны қайта расталды.

Мәлімдемеде «Саяси диалогты тереңдетуге, жедел гуманитарлық қажеттіліктерді қанағаттандыруға және Сирияның әлеуметтік-экономикалық қалпына келуіне әрі қайта құрылуына қолдау көрсетуге біз табандымыз», – делінген.

Шамамен 25 жыл бойы Сирия режимін басқарған Башар Асад былтыр желтоқсан айында Ресейге қашып кеткеннен кейін, 1963 жылдан бері билікте болған Баас партиясының режимі аяқталған болатын. Ахмед Шараның жетекшілігімен қаңтар айында жаңа өтпелі үкімет құрылды.

Асад қызметінен кеткеннен бері Сирияның жаңа билігі саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыруға, қоғамдық келісімді нығайтуға және аймақтық әрі халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейтуге басымдық беріп келеді.

Іздеу
Оккупацияланған Батыс Шерияда израильдік қоныстанушылардың шабуылдары 63 пайыз артты
Оман жағалауында мұнай танкері шабуылға ұшырады
ЕО мен Ұлыбритания Украинаға қолдауын күшейтуде
Президент Ердоған: "Аймақта тұрақсыздыққа төзбейтінімізді досқа да, дұшпанға да жарияладық"
“Turkcell” роботтандырылған хирургиялық ота сынағын өткізді
Түркия әйелдер арасындағы волейболдан Еуропа чемпионатында Словенияны 3:1 есебімен жеңді
ЕО Украинаға 6,1 млрд еуро көлемінде әскери қолдау көрсетеді
Оман Сыртқы істер министрі Бусаиди ертең Тегеранға барады
Қазақстанда Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
Израиль күштері Сирияның оңтүстігіне басып кірді
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті