ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
“Yonhap” ақпарат агенттігі бейсенбі күні “CrowdStrike” есебіне сілтеме жасап, кибершабуылдардың қыркүйек айының соңы мен қазан айының басында жасалғанын хабарлады.
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
[МҰРАҒАТ] Шабуылдаушы банк жүйелерін бұзу үшін Қытайда әзірленген ашық кодты тестілеу құралын үлкен тілдік модельдермен бірге пайдаланған. / AP
 

АҚШ-тың киберқауіпсіздік саласындағы “CrowdStrike” компаниясының мәліметінше, қытай тілінде сөйлейді деп болжанған белгісіз хакер жасанды интеллект құралдарын пайдаланып, Оңтүстік Кореяның бірнеше қаржы ұйымының жүйесіне заңсыз кіріп, деректерді ұрлаған.

“Yonhap” ақпарат агенттігі бейсенбі күні “CrowdStrike” есебіне сілтеме жасап, кибершабуылдардың қыркүйек айының соңы мен қазан айының басында жасалғанын хабарлады.

Хакер банк жүйелеріне ену үшін Қытайда әзірленген “ARTEX” атты ашық бастапқы кодты қауіпсіздікті тексеру құралын үлкен тілдік модельдермен бірге пайдаланған.

Шабуыл нысаналарының арасында бір банктің несие туралы ақпарат алу қызметі мен басқа банктің қызметкерлерге арналған мобильді қолдау платформасы болған.

“CrowdStrike” компаниясы кибершабуылдарға қатысы бар екі серверді анықтады. Олардың бірі Гонконгта орналасқан.

Компанияның мәліметінше, хакер қаржылық пайда табуды көздеген. Бұған оның Оңтүстік Кореядан ұрланған деректер сатылатын онлайн сауда алаңдарын іздегені дәлел ретінде келтірілген.

Алайда хакердің кім екені, кибершабуылдардың ауқымы және ұрланған ақпараттың көлемі әзірге расталған жоқ.

Бұл мәліметтер жақында “Hana Bank”, “KB Kookmin Bank” және “Shinhan Bank” банктерінде деректердің заңсыз таралуы туралы хабарлардан кейін жарияланды. Аталған оқиғаларға қатысты қаржы саласын реттеуші органдар мен құқық қорғау мекемелері тергеу жүргізіп жатыр.

Іздеу
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды