ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ресей мен Украина дрон шабуылдары үшін бір-бірін айыптады
Ресей мен Украина үш адамның қаза тауып, 10-нан астам адамның жаралануына әкелген дрон шабуылдарына байланысты бір-бірін айыптады.
Ресей мен Украина дрон шабуылдары үшін бір-бірін айыптады
МҰРАҒАТ: Киевтегі Ресей шабуылының салдары. /Reuters

Ресейдің Пермь өлкесінің губернаторы Дмитрий Махонин әуе қорғанысы жүйелері 39 дронды атып түсіргенін, ал өнеркәсіптік нысанға жасалған шабуыл салдарынан бір адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

Ульяновск облысының губернаторы Алексей Русских сегіз адамның жараланғанын хабарлады. Ал Воронеж облысының губернаторы Александр Гусев төрт адамның жараланғанын және аймақта 88 дронның атып түсірілгенін мәлімдеді.

Ростов облысының губернаторы Новошахтинск мұнай өңдеу зауытына зақым келіп, жұмысы тоқтатылғанын, алайда адам шығыны болмағанын айтты.

Ресей Қорғаныс министрлігі түн ішінде 18 аймақта, Қаратеңіз үстінде және Ресей басып алған Қырымда Украинаның 592 дроны атып түсірілгенін мәлімдеді.

Украинадағы шабуылдар

Ресей түнгі шабуылдар кезінде Киев маңындағы украиналық “Fire Point” компаниясына тиесілі дрон өндіріс нысанына, сондай-ақ Одессадағы Украина армиясына қолдау көрсетеді делінген логистикалық орталықтар мен порт инфрақұрылымына соққы жасалғанын мәлімдеді.

Украина Әуе күштері түнде ұшырылған Ресейдің 295 дронының 267-сі атып түсірілгенін хабарлады.

Соңғы айларда екі тарап та логистикалық нысандарға, порттар мен энергетикалық инфрақұрылымға шабуылдарын күшейтті. Алайда екі тарап та бейбіт тұрғындарды әдейі нысанаға алды деген айыптауларды жоққа шығарып отыр.

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті