Индонезияда су тасқыны салдарынан кемінде 16 адам қаза тапты

Шығыс Сулавеси уәлаятының солтүстігіндегі көптеген елді мекенді  жайпаған су тасқыны аймақтағы тұрғын үйлерге, инфрақұрылымға және қоғамдық нысандарға айтарлықтай зиян келтірді.

By
(МҰРАҒАТ) Өткен жылдың қараша айының соңында Индонезияның батысында болған су тасқынынан мыңнан астам адам қаза тапты. / Reuters

«Индонезияның шығысындағы Солтүстік Сулавеси уәлаятында болған су тасқынында қаза тапқандар саны 16 адамға жетті, ал үш адам әлі де із-түзсіз жоғалды» - деп хабарлады билік өкілдері.

Индонезияның Ұлттық апат қаупін азайту агенттігі сейсенбі күні кешке жасаған мәлімдемесінде дүйсенбі күні Сиау–Тагуланданг–Биаро аралдары аймағында болған су тасқыны салдарынан кемінде 22 адам жарақат алғанын, 682 адамның қауіпсіз жерге көшірілгенін айтты.

Агенттік сондай-ақ дүйсенбіден бастап 14 күндік төтенше жағдай режимі енгізілгенін, жергілікті билікке техника мен гуманитарлық көмекті жұмылдыру үшін шаралар қабылдау құзыреті берілгенін мәлімдеді.

Қатты жауын-шашыннан кейін аралдың бірнеше аймағын су басып, үйлерге, инфрақұрылымға және қоғамдық нысандарға зиян келген. Құтқару тобы жоғалған үш адамды іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

Жаңбырлы маусымда Индонезияда су тасқыны мен көшкіндер жиі болады.

Сонымен қатар Индонезияның Суматра аралында қараша айының соңынан бері болған су тасқындары салдарынан кемінде 1 178 адам қаза тапты, 148 адам хабар-ошарсыз кеткен.