ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
БҰҰ: «Ливандағы 1 миллионнан астам босқынның шамамен 40 пайызы үйлеріне оралды»
БҰҰ өкілі Стефан Дюжаррик қоныс аударуға мәжбүр болған адамдардың үйлеріне қауіпсіз жағдайда оралуы керектігін және олардың гуманитарлық көмекке қол жеткізуі қажет екенін мәлімдеді.
БҰҰ: «Ливандағы 1 миллионнан астам босқынның шамамен 40 пайызы үйлеріне оралды»
БҰҰ: «Ливандағы 1 миллионнан астам босқынның шамамен 40 пайызы үйлеріне оралды» / AP

БҰҰ өкілі Стефан Дюжаррик Ливанда Израиль шабуылдары салдарынан қоныс аударуға мәжбүр болған 1 миллионнан астам адамның шамамен 40 пайызы үйлеріне оралғанын айтты.

Халықаралық көші-қон ұйымы өкілдеріне сілтеме жасаған Дюжаррик: «Бұл  ̶  қалпына келу жолындағы маңызды қадам. Алайда мыңдаған адам әлі де босқын және гуманитарлық көмекке тәуелді. Елге оралудың қауіпсіз, және лайықты түрде жүзеге асуы, сондай-ақ елге оралғаннан кейін  гуманитарлық көмекке қол жеткізуі қажет екенін қайталаймыз», – деді.

Дюжаррик Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы мен оның серіктестері сейсенбі күні Ливанның оңтүстігіндегі шалғай аймақтарға гуманитарлық көмек жеткізгенін айтып: «Барлық мұқтаж жанға гуманитарлық көмек жеткізілу керек екенін баса айтамыз», – деді.

Израиль Ливанға қарсы шабуылын наурыз айының басында бастаған болатын. Израиль атысты тоқтату келісімі мен негіздемелік келісімге қарамастан, аймақтан шегінуден бас тартып отыр.

Ливан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Ливанда Израиль  шабуылдарынан 4 240-тан астам адам қаза тауып, 12 190 адам жараланды, ал 1 миллионнан астам адам босқынға айналды.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды