Мексика Әскери-теңіз күштерінің ұшағы апатқа ұшырады

Медициналық көмек көрсету кезінде апатқа ұшыраған ұшақта сегіз ересек адам және бір бала болған.

By
Мексика Әскери-теңіз күштерінің ұшағы апатқа ұшырады / AP

Мексика Әскери-теңіз күштері медициналық көмек көрсету кезіндегі ақаудан кейін ұшақтарының бірінің АҚШ-тың Техас штатындағы Галвестон қаласының маңына құлағанын растады.

Оқиға салдарынан бес адамның қаза тапқаны, екі адамның жарақат алмай аман қалғаны расталса, бір адам із-түзсіз жоғалған.

Әскери-теңіз күштері дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде «King Air ANX-1209» үлгісіндегі ұшақтың медициналық миссия кезінде апатқа ұшырағанын және  бортында бір баламен қатар сегіз адамның болғанын хабарлады.

Ұшақта «Michou y Mau» қорының жобасын қолдау аясында төрт теңіз офицері мен төрт азамат болған. Бұл қор ауыр күйік алған балаларға көмек көрсетуге бағытталған үкіметтік емес ұйым.

Ем алу үшін келе жатқан кәмелетке толмаған науқас та қаза тапқандардың қатарында. Құтқару жұмыстарын АҚШ-тың Жағалау күзеті жүргізді. Ұшақ мұхиттан табылды.

Сыртқы істер министрлігі «X» әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемесінде қаза болғандарға көңіл айтты және Хьюстондағы Мексика Бас консулдығы арқылы жергілікті билікпен байланыс орнатып, зардап шеккендердің отбасыларына қолдау көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, апат ұшақ қонуға дайындалып жатқан сәтте болған. Апат Техастың кейбір аймақтарын қамтыған қалың тұман кезінде болған.