ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
ЕО Украинаға ресейлік активтерге негізделген несие ұсынды
ЕО Комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен Украинаға берілетін әскери қолдау үшін «құрылымдық шешім» ретінде тәркіленген ресейлік активтерге негізделген өтемақы несиесін ұсынды.
ЕО Украинаға ресейлік активтерге негізделген несие ұсынды
«Несие бірден емес, кезең-кезеңімен бөлініп, белгілі бір шарттарға байланысты беріледі» / AP

Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен НАТО Бас хатшысы Марк Руттемен бірлескен баспасөз мәслихатында қолданылуы тоқтатылған ресейлік активтер тәркіленбегенін және Мәскеу өтемақы төлеген жағдайда Украинаның несиені қайтара алатынын тағы да атап өтті.

ЕО Комиссарлар алқасымен қорғаныс және қауіпсіздік мәселелерін талқылаудың алдында өткен баспасөз мәслихатында фон дер Ляйен: «Активтер тәркіленбеді. Егер Ресей өтемақы төлесе, Украина несиені қайтаруға міндетті», -деді.

Фон дер Ляйен Украинаны әскери қолдау үшін «құрылымдық шешім» ретінде Ресейдің қолданылуы тоқтатылған активтеріне негізделген өтемақы несиесі идеясын ұсынғанын атап өтіп, « Несие бірден емес, кезең-кезеңімен бөлініп, белгілі бір шарттарға байланысты беріледі», - деп қосты.

Ол сондай-ақ «Украина біздің алғашқы қорғаныс шебіміз» деп есептесек, онда оған әскери көмекті күшейту қажет екенін баса айтты.

«Қазір Еуропалық комиссияның SAFE (Еуропалық қауіпсіздік әрекеті) және басқа да бастамалар арқылы Украинаны мүмкін болғанынша ұтымды жағдайға жеткізу үшін жасап жатқан барлық жұмысы өте маңызды. Бұл соғыста да, ықтимал бейбіт келіссөздерде де Украинаның ең мықты позицияда болуына шешуші рол атқарады», - деді Рутте.

Дания астанасы Копенгаген әуежайларында, сондай-ақ Польша мен Эстониядағы оқиғалардан кейін байқалған ұшқышсыз ұшақтарға тоқталған Рутте әуе кеңістігін қауіпсіз ұстаудың маңызын тағы да атап өтіп, «Біз өз әуе кеңістігімізді қорғауымыз керек. Сондықтан дрон қабырғасы бастамасы дер кезінде жасалған қажет қадам», - деді.

Ресейдің соңғы әуе кеңістігін бұзу әрекеттерінен кейін ЕО елдері ұшқышсыз ұшақтарға қарсы қорғаныс жүйесін құру туралы алғашқы талқылауларын өткізді. Еуропалық қорғаныс комиссары Андриус Кубилиус: «Шығыс қапталын бақылау, ортасында «дрон қабырғасымен» бүкіл Еуропаға қызмет ететін болады», - деді.

Польша, Румыния, Латвия, Эстония, Норвегия және Данияны қоса алғанда көптеген ЕО елі әуе кеңістігінің бұзылуы және ұшқышсыз ұшақтардан туындаған қиындықтарды хабарлады, кейбір дрондардың Ресейге тиесілі екені расталды.

Іздеу
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді
АҚШ халқының 33 пайызы Трампты қолдайды
Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін жұмысын толық тоқтатты
Иран теңіздегі экологиялық залал үшін өтемақы талап етуде
АҚШ-тың Израильдегі елшісі Батыс Шериядағы еврей қоныстанушыларының «террорлық әрекеттерін» айыптады
БАӘ королінің ұшағының Иранға барғаны туралы мәлімдеме
Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазы туралы мәлімдемесін жоққа шығарды
Ресей “Telegram” мен “Google” компанияларына 26 миллион рубль айыппұл салды
Ресей президенті Путин Куриль аралдарына барды
ЕО-да уақытша қорғаудағы украиналықтар саны 4,41 миллионға жетті
Израильдік шенеунік: «Мекке келісімі Израильге қарсы жасалды»
Ресейдің Украинаға зымыран шабуылдары күшейді
Израиль жаралаған 13 жастағы палестиналық қыз көз жұмды
Ұлыбритания экологиялық таза көлік технологияларын дамытуға 175 миллион доллар бөледі