САЯСАТ
1 ... минут оқылды
АҚШ Сенаты Иранмен соғысты тоқтатуға бағытталған бастаманы қабылдамады
АҚШ Сенаты тиісті қарар жобасын 47-ге қарсы 53 дауыспен қабылдамады. Тағы бір дауыс беру бейсенбі күні АҚШ Өкілдер палатасында да өтуі мүмкін.
АҚШ Сенаты Иранмен соғысты тоқтатуға бағытталған бастаманы қабылдамады
АҚШ Сенаты Иранмен соғысты тоқтатуға бағытталған бастаманы қабылдамады / Reuters

Америка Құрама Штаттарының Сенаты демократтар қолдаған және президент Дональд Трамп әкімшілігін Конгрестің рұқсатынсыз жүргізіліп жатқан Иранмен соғысты тоқтатуды көздейтін бастаманы қабылдамады.

Сәрсенбі күні өткен дауыс беруде сенаторлар 47-ге қарсы 53 дауыспен заң жобасын Сенаттың Сыртқы істер комитетінен жалпы отырысқа шығаруға қарсы шығып, «Иранға қатысты соғыс өкілеттігі туралы қарардың» әрі қарай қаралуын тоқтатты.

Демократ сенаторлар Тим Кейн, Адам Шифф және Чарльз Шумер ұсынған қарар жобасы Конгресс әскери күш қолдануды мақұлдамаған жағдайда, әкімшілікті АҚШ-тың соғысқа қатысуын тоқтатуға міндеттеуді мақсат еткен.

Республикашыл сенаторлардың басым бөлігі құжатқа қарсы дауыс беріп, АҚШ-тың Израильмен бірге Иранға жасаған әуе шабуылдарын шектеуге бағытталған Сенаттағы бастаманы тоқтатты.

Республикашыл сенатор Рэндал Пол партиясының ұстанымына қарсы шығып, құжатты қолдап дауыс берді, ал демократ сенатор Джон Феттерман керісінше қарсы дауыс берді.

Дауыс беру алдында Кейн журналистерге: «Біз өзара талқыламай және дауысқа салмай соғысқа араласпауымыз керек», - деді.

Ал республикашыл көшбасшылар президенттің әрекетін қолдап, Иранға қарсы жалғасып жатқан әуе соққыларын жүргізу өкілеттігі атқарушы билікке, яғни президентке тиесілі екенін мәлімдеді.

Алғашқы әрекет сәтсіз аяқталды

Қарар жобасының қабылдануы үшін демократтарға Рэнд Полдан бөлек кемінде тағы төрт республикашыл сенатордың қолдауы қажет еді. Алайда құжат Сенаттан және бейсенбі күні дауыс беру өтеді деп күтілген Өкілдер палатасынан өтсе де, президент Дональд Трамптың оған вето қоя алады.

 

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті