САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Израиль Қорғаныс министрі: «Израиль Газадан ешқашан шықпайды»
Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац қауіпсіздік мақсатында Газаның солтүстігіндегі елді мекендермен байланысты буферлік аймақ пен бақылау пунктін құру жоспары туралы айтты.
Израиль Қорғаныс министрі: «Израиль Газадан ешқашан шықпайды»
«Израиль Газадан ешқашан шықпайды» / AP

Израильдің Қорғаныс министрі Исраэль Кац Израильдің Газадан ешқашан шықпайтынын айтып, аймақтың айналасында кең қауіпсіздік белдеуін қалыптастыру және солтүстігінде қоныстануға рұқсат беруді тағы да қайталады.

«Haaretz» газетінің хабарлауынша, конференцияда сөз алған Кац Израильдің Газада тұрақты түрде қалатынын және қауіпсіздік үшін буферлік аймақ құратынын мәлімдеді.

Кац осы апта басында Газаның солтүстігінде жаңа тұрғын үй салу жөнінде мәлімдемелер жасаған болатын. Израильдік БАҚ бұл мәлімдемелер АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің наразылығын туғызғанын жазды.

Министрдің айтуынша, уақыты келгенде Газаның солтүстігінде Нахаль әскери бекеттерін ұйымдасқан түрде құру мүмкін болады.

Нахаль бекеттері ˗ Израиль армиясының бақылауындағы, әскери борышты қоныстандырумен ұштастыратын, жастарға арналған қоныстану үлгісі ретінде белгілі.

Кац бұрынғы мәлімдемелерінен бас тартты деген ақпаратты жоққа шығарып, Израильдің Газада егемендік орнататынын айтты және мұны басып алынған Батыс Шериядағы Израиль саясатына ұқсатты.

Басып алынған Батыс Шериядағы бақылау

Палестиналық ресми деректерге сәйкес, геноцид басталғалы бері Израиль басып алынған Батыс Шерияда бақылауды күшейтуге бағытталған әрекеттерін арттырды. Олардың қатарында үйлерді бұзу, мәжбүрлі түрде көшіру және заңсыз қоныстануды кеңейту бар.

БҰҰ қарарларында айтылғандай, Батыс Шерияны басып алу екі мемлекет шешімі мүмкіндігін іс жүзінде жоққа шығарады.

Шығыс Иерусалимді қоса алғанда, оккупацияланған Батыс Шерияда шамамен 750 мыңға жуық израильдік заңсыз қоныстанушы тұрады.

Израильдік БАҚ Кацтың мәлімдемелері Нетаньяхудың 29 желтоқсанда Трамппен жоспарланған кездесуін қиындатуы мүмкін екенін ескертті.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты