ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Иранның жоғары лауазымды шенеунігі АҚШ-Израиль шабуылында ауыр жараланды
Иранның Сыртқы байланыстар жөніндегі стратегиялық кеңесінің төрағасы Камал Харрази ауруханаға жатқызылды, ал әйелі осы шабуыл кезінде қаза тапты.
Иранның жоғары лауазымды шенеунігі АҚШ-Израиль шабуылында ауыр жараланды
Иранның жоғары лауазымды шенеунігі АҚШ-Израиль шабуылында ауыр жараланды / Reuters

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары Тегерандағы тұрғын үйді нысанаға алған АҚШ-Израиль шабуылы салдарынан Иранның жоғары лауазымды тұлғасының ауыр жараланғанын хабарлады.

Мәліметтерге сүйенсек, Сыртқы байланыстар жөніндегі стратегиялық кеңестің төрағасы және бұрынғы сыртқы істер министрі Камал Харрази өз үйіне жасалған шабуылда жарақат алған. Ауыр жарақаттарына байланысты ауруханаға жеткізілген Харразидің әйелі оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Харрази марқұм діни лидер Әли Хаменеидің аға кеңесшілерінің бірі болған. Ол жаңа діни лидер Мүжтеба Хаменеидің әкесінің тұсында қызмет еткен шенеуніктерді ауыстырмау туралы шешімінен кейін өз лауазымын сақтап қалған еді.

АҚШ пен Израиль 28 ақпаннан бері Иранға әуеден соққы беріп, соның салдарынан Әли Хаменеиді қосқанда 1 340-тан астам адам қаза тапты. Иран болса Израильге, сондай-ақ АҚШ-тың әскери нысандары орналасқан Иордания, Ирак және Шығанақ елдеріне ұшқышсыз ұшу аппараттары және зымырандармен қарымта соққы берді. Бұл шабуылдар адам шығыны мен инфрақұрылымдық зақымдарға әкеп соқты, сонымен қатар жаһандық нарықтар мен авиация саласында іркіліс тудырды.

Іздеу
Оңтүстік Корея Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты мұқият бақылауда
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Шара: «Президент Ердоған Сирияға қарсы санкцияларды жоюға араағайын болды»
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды