САЯСАТ
1 ... минут оқылды
"Хайят Тахрир әш-Шам" ұйымын террористік ұйымдар тізімінен алып тастады
АҚШ Мемлекеттік департаменті "шешім күшіне енеді" деп мәлімдеді.
"Хайят Тахрир әш-Шам" ұйымын террористік ұйымдар тізімінен алып тастады
/ AP

АҚШ Мемлекеттік департаментінің жарияланбаған Федералдық тіркеу хабарламасына қарағанда, әл-Нусра майданы деп те аталатын Хайят Тахрир әш-Шам деп танылған ұйым шетелдік террористік ұйым тізімінен шығарылды.

Мемлекеттік хатшы Марко Рубио «Бас прокурор және Қазына министрімен кеңесе отырып, әл-Нусра майданы деп те аталатын Хайят Тахрир әш-Шамды шетелдік террористік ұйым ретінде тану мәртебесін жою туралы шешім қабылдадым», – деп мәлімдеді.

Бұл шешім жарияланған сәттен бастап дереу күшіне енеді.

Хайят Тахрир әш-Шам ұйымы 2018 жылдан бері АҚШ-тың Шетелдік террористік ұйымдар тізімінде болды, ол кезде бұл топ өзінің алдындағы әл-Каида филиалы әл-Нусра майданы ретінде танылған болатын.

Өткен жылдың 8 желтоқсанында Сирияны 25 жыл бойы басқарған Башар Асад Ресейге қашып кетті.

Қаңтар айында Сирияда жаңа уақытша әкімшілік құрылып, оны Президент Ахмед әл-Шара басқарды.

Өткен айда АҚШ Президенті Дональд Трамп Сирияға салынған санкцияларды тоқтату туралы жарлыққа қол қойды.

Мамыр айында Трамп Эр-Риядтағы инвестициялық форумда Сирияға салынған «қатал және қиратушы» санкцияларды алып тастайтынын жариялады.

Келесі күні ол Сауд Арабиясында Шарамен тарихи кездесу өткізді. Бұл АҚШ пен Сирия көшбасшылары арасындағы 25 жылдағы алғашқы кездесу болды.

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті