ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Мұнай танкері Стамбул маңында шабуылға ұшырады
Түркия Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу Қаратеңізде болған ұшқышсыз теңіз аппараты шабуылынан кейін танкердегі 27 түрік экипаж мүшесінің жағдайы жақсы екенін айтты.
Мұнай танкері Стамбул маңында шабуылға ұшырады
Министрдің хабарлауынша, шабуыл танкердің қозғалтқыш бөліміне бағытталған болуы мүмкін. [Мұрағаттық сурет] / AA
10 сағат бұрын

Түркия Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу Қаратеңізде болған ұшқышсыз теңіз аппараты шабуылынан кейін танкердегі 27 түрік экипаж мүшесінің жағдайы жақсы екенін айтты.

Абдулкадир Уралоғлу бейсенбі күні Стамбул маңында Қаратеңізде жүзіп бара жатқан түрік компаниясы басқаратын шикі мұнай танкеріне ұшқышсыз теңіз аппаратымен шабуыл жасалғанын және экипаж арасында адам шығыны болмағанын мәлімдеді.

Министрдің “24TV арнасындағы тікелей эфирде хабарлауынша, шамамен 140 мың тонна шикі мұнай тиеген Altura атты кеме шабуылға ұшыраған, ал негізгі нысана ретінде қозғалтқыш бөлімі таңдалған болуы мүмкін.

Уралоғлу: «Жақында Ресейден шыққан, түрік компаниясы басқаратын, бірақ шетел туы астында жүзетін кеменің машина бөлімінде жарылыс болғаны туралы хабар алдық. Жарылысты ұшқышсыз суасты аппараты тудырған болуы мүмкін деп күдіктеніп отырмыз», — деді.

Министр сондай-ақ оқиға кезінде кемеде 27 түрік экипаж мүшесі болғанын және барлығының жағдайы жақсы екенін хабарлады.

Уралоғлу техникалық топтардың оқиға орнына жіберілгенін және жағдайдың жіті бақылауда екенін білдірді.

Ақпарат толықтырылады.

Іздеу
"Бушер ядролық станциясы АҚШ-Израиль шабуылына ұшырады"
Иран газ нысандарына шабуыл жасалғанын хабарлады
Техастағы «Valero» мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды
Газада геноцид жүргізу барысында Израиль экономикасы 57 миллиард доллар шығынға ұшырады
Колумбияда әскери ұшақ апатынан кемінде 66 адам қаза тапты
Иранда экологиялық қауіп тереңдеді
Израиль Бейруттың оңтүстігіне соққы берді
Иран Парсы шығанағы су айдынына мина орналастырамын деп қорқытты
Вашингтон Иранмен соғыстың ұзаққа созылуы мүмкін екенін мәлімдеді
Израиль армиясы Батыс Шерияда 15 палестиналықты қамауға алды
Ким Чен Ын Мемлекеттік істер комиссиясының төрағасы ретінде қайта сайланды
Нью- Йорктың LaGuardia әуежайында апат: екі ұшқыш қаза тапты
Ормуз бұғазындағы дағдарыс жаһандық экономика үшін үлкен қауіпке айналуда
Израиль Тегеранға шабуылдады
Израиль Газада төрт палестиналықты өлтірді