Мұнай танкері Стамбул маңында шабуылға ұшырады
Түркия Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу Қаратеңізде болған ұшқышсыз теңіз аппараты шабуылынан кейін танкердегі 27 түрік экипаж мүшесінің жағдайы жақсы екенін айтты.
Түркия Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу Қаратеңізде болған ұшқышсыз теңіз аппараты шабуылынан кейін танкердегі 27 түрік экипаж мүшесінің жағдайы жақсы екенін айтты.
Абдулкадир Уралоғлу бейсенбі күні Стамбул маңында Қаратеңізде жүзіп бара жатқан түрік компаниясы басқаратын шикі мұнай танкеріне ұшқышсыз теңіз аппаратымен шабуыл жасалғанын және экипаж арасында адам шығыны болмағанын мәлімдеді.
Министрдің “24TV” арнасындағы тікелей эфирде хабарлауынша, шамамен 140 мың тонна шикі мұнай тиеген “Altura” атты кеме шабуылға ұшыраған, ал негізгі нысана ретінде қозғалтқыш бөлімі таңдалған болуы мүмкін.
Уралоғлу: «Жақында Ресейден шыққан, түрік компаниясы басқаратын, бірақ шетел туы астында жүзетін кеменің машина бөлімінде жарылыс болғаны туралы хабар алдық. Жарылысты ұшқышсыз суасты аппараты тудырған болуы мүмкін деп күдіктеніп отырмыз», — деді.
Министр сондай-ақ оқиға кезінде кемеде 27 түрік экипаж мүшесі болғанын және барлығының жағдайы жақсы екенін хабарлады.
Уралоғлу техникалық топтардың оқиға орнына жіберілгенін және жағдайдың жіті бақылауда екенін білдірді.
Ақпарат толықтырылады.