ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль Сирияның оккупацияланған аумақтарынан шықпайды
Сирия Израиль ел аумағынан шықпайынша келісім болмайтынын білдірді.
Израиль Сирияның оккупацияланған аумақтарынан шықпайды
Израиль Сирияның оккупацияланған аумақтарынан шықпайды / Reuters

Беньямин Нетаньяху жексенбі күні елінің әскерлері Сирияның оңтүстігінде басып алған аумақтардан шегінбейді деп мәлімдеді.

Израиль елшілері, миссия басшылары және Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысқан конференцияда сөйлеген сөзінде Нетаньяху 2024 жылғы 8 желтоқсанда Сириядағы БААС режимі құлағаннан кейін басып алынған аймақтардан Израильдің шегінбейтінін тағы да қайталап айтты.

1967 жылдан бері Израиль бақылауында тұрған Голан жоталарына іргелес Джабал әл‑Шейх (Хермон тауы) мен буферлік белдеуін меңзеп, «Біз осы нысандарды сақтағымыз келеді», — деді ол

Ол Израиль Дамаск әкімшілігімен Сирияның оңтүстігін әскерден тазалау туралы келісімге қол жеткізгісі келетінін білдірді.

1974 жылғы келісім

61 жылдық БААС режимі 2024 жылғы 8 желтоқсанда құлағаннан кейін Израильдің Сирияға әскери шабуылдары күшейді.

Израиль режим күштерінің артында қалған әскери инфрақұрылымды қирата бастады және Сирияның Голан жоталарын басып алуын кеңейтті.

Израиль күштері Голан жотасына жақын буферлік белдеуге кіріп, оккупацияны әрі қарай кеңейтіп, Дамаскке қарай 25 километр жылжыды.

Израиль 1967 жылдан бері Сирияның Голан жоталарын басып ұстап келеді. Израиль мен Сирия арасындағы 1974 жылғы келісім буферлік және әскерден таза аймақтарының шекараларын анықтаған.

Сирия Сыртқы істер министрі Асад әл‑Шайбани бұған дейін Израиль Сирия территориясынан шегінбейінше ешқандай келісім болмайтынын айтқан еді.

Іздеу
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Украина мәселесі бойынша Әбу-Дабиде келіссөз басталды
Қытай ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тапқан америкалық ұшқыштардың сүйектерін АҚШ-қа тапсырды
Президент Трамп: “Иранға қарсы жаңа операция қажет емес, бірақ біз дайынбыз”
Түркия мен Өзбекстан қоршаған ортаны қорғау саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойды
Резаи Трампты Иранның 7 талабын қабылдауға шақырды
Аныткабірде ұлы көшбасшы Ататүрікті еске алу рәсімі өтті
Фон дер Ляйен Түркия, Румыния және Болгария арасындағы ынтымақтастықты құптады
Президент Ердоған «Apple» басшысы Тим Кукты қабылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір мешітке басып кірді
COP31 қатысушылары Ататүрікті бір минут үнсіздікпен еске алды