ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Сирия Асадтан кейінгі Даму Қорын іске қосты
Президент Ахмед Шара Сирияны қалпына келтіру үшін Сирия Даму Қоры негізгі құрал болатынын айтты.
Сирия Асадтан кейінгі Даму Қорын іске қосты
/ Reuters

Сирия Президенті Ахмед Шара Сирияны қалпына келтірудің маңызды құралы ретінде қызмет ететін Сирия Даму Қорын іске қосты.

Бұл туралы бейсенбі күні Дамаск қаласында өткен қордың ашылу салтанатында Сирияның Араб Жаңалықтар Агенттігі (SANA) хабарлады.

«Біз бүгін Сирия Даму Қорының іске қосылғанын жариялау үшін жиналдық. Осы қор арқылы сіздерді жомарт қаражаттарыңызды бұрынғы режим қиратқан елді қайта құруға және олар өртеп жіберген жерлерді жасыл әрі гүлденген мемлекетке айналдыруға шақырамыз», – деді әл-Шара өз сөзінде.

Президент «Бұрынғы режим біздің экономикамызды құртты, қаржымызды тонады, үйлерімізді қиратты және халқымызды лагерьлер мен босқын орталықтарына қоныс аударуға мәжбүр етті. Біз бүгін осында сүйікті Сирияның жараларын емдеп, оны халқымыздың көмегімен қайта құру және босқындар мен қоныс аударғандарды өз жеріне қайтару үшін жиналдық» деді.

Шара қордың өте ашық болатынын және стратегиялық жобаларға жұмсалған барлық қаражаттың жария етілетінін айтты.

“Қор іске қосылғаннан бірнеше минут өткен соң, қайырымдылық қаражат 30 миллион доллардан асты”, деп хабарлады “SANA” тілшісі.

Кейінірек мемлекеттік “Alikhbariya TV” телеарнасы хабарлағандай, жарияланымнан бір сағат өткен соң қайырымдылық қаражат 60 миллион доллардан асты.

Сирияны 25 жылға жуық басқарған Башар әл-Асад 2024 жылдың желтоқсан айында Ресейге қашып, 1963 жылдан бері билікте болған Баас партиясының режимі аяқталған болатын.

Қаңтар айында Шара басқаратын жаңа уақытша әкімшілік құрылған еді.

Іздеу
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Израиль басып алынған Батыс Шериядағы босқын лагеріне рейд жүргізді
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Ресей Киевке ауқымды шабуыл жасады
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Ресей Киев облысында 14 адамды өлтірді
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
"Wildberries" 2027 жылы Қазақстанда 260 мың шаршы метрлік жаңа қойма алаңын ашуды жоспарлап отыр
Түркия Қаратеңізде шабуылға ұшыраған кемелердегі Түркия азаматтарының жағдайын жіті бақылап отыр