ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Газада қақтығыстар тоқтаған жоқ
ХАМАС Израильге қысым көрсетуге шақырды.
Газада қақтығыстар тоқтаған жоқ
2023 жылдың қазан айынан бері Израиль Газада 71 000-нан астам палестиналықты өлтірді. / Reuters
 

Әскери дереккөздердің мәліметінше, Израиль армиясы Газаның оңтүстігінде орналасқан Рафах қаласында екі палестиналықты өлтіріп, қазан айынан бері күшінде тұрған бітім келісімін тағы бір рет бұзған.

Израиль әскері Рафахтың батыс бөлігіне танктер жібергенін, ол жерде оқ атқанын және әуе шабуылдарын ұйымдастырғанын хабарлады.

Иврит тілінде шығатын “Israel Hayom” газеті қақтығыстар кезінде екі израильдік сарбаздың жеңіл жарақат алғанын мәлімдеді.

Палестиналық тойтарыс қозғалысы ХАМАС Израильдің шабуылдарын бітім келісімінің «айқын бұзылуы» деп қатаң айыптады.

Сонымен қатар ХАМАС делдалдар мен кепілгер елдерді «Израильдің қайталанып отырған бұзушылықтарын» айыптауға шақырып, Беньямин Нетаньяхуды шабуылдарды «жалған әрі қолдан жасалған сылтаулармен» басқарды деп айыптады.

ХАМАС бұзушылықтарды тоқтату үшін Израильге қысым жасауды, бітім шарттарының сақталуын, Рафах шекара өткелінің екі бағытта қайта ашылуын, гуманитарлық көмек пен баспанаға арналған материалдардың кіргізілуіне рұқсат беруді және келісімнің екінші кезеңіне дереу өтуді талап етті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп Газа бойынша Бейбітшілік кеңесі құрылғанын айтты

Бітім жөніндегі келіссөздер

ХАМАС делегациясы бітімнің келесі кезеңіне қатысты келіссөз жүргізу үшін Каирге барды.

ХАМАС таратқан мәлімдемеде делегацияны Газадағы қозғалыс жетекшісі Халил әл-Хайя басқарып отырғаны айтылды.

Мәлімдемеде келіссөздердің бітімнің толық орындалуына бағытталатыны, бірінші кезеңде аяқталмай қалған қадамдар мен Газаның Мысырмен шекарасындағы Рафах өткелін екі бағытта қайта ашу мәселелері талқыланатыны көрсетілді.

Сондай-ақ ХАМАС келісімнің екінші кезеңіне өтуді жеделдету, оның ішінде әкімшілік комитет құру және Израиль әскерінің Газадан толықтай шығуын қамтамасыз ету мәселелері де қаралатынын хабарлады.

Израиль 2023 жылғы қазан айынан бері Газада жүргізіп жатқан соғысында 71 мыңнан астам палестиналықты өлтірді. Қоршаудағы аймақтың басым бөлігін қиратқан Израиль халықты да өз мекендерінен күштеп көшуге мәжбүр етті.

Іздеу
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды