НАТО Түркияға бағытталған Иранның баллистикалық зымыранын атып түсірді

Анкара ұлттық қауіпсіздігін қорғауға дайын екенін мәлімдей отырып, бейбітшілік орнату жұмыстарын жалғастыруда.

By
НАТО Түркияға бағытталған Иранның баллистикалық зымыранын атып түсірді / Reuters

НАТО-ның әуе қорғаныс жүйесі Түркияға бағытталған Ираннан шыққан баллистикалық зымыранды анықтап, атып түсіргенін сәрсенбі күні Түркия Ұлттық Қорғаныс министрлігінің өкілдері хабарлады.

Зымыран Ирак пен Сирия аумағынан өткеннен кейін Түркияның әуе кеңістігінен тыс жерде жойылды. Ұлттық Қорғаныс министрлігі қауіптің көзін әуеде жою үшін қолданылған тосқауылшы зымыранның бір бөлшегі Хатай уәлаятының Дөртйол ауданына құлағанын мәлімдеді. Қаза тапқандар немесе жарақат алғандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Анкара ұлттық қауіпсіздікті қорғау ерік-жігері мен әлеуетінің ең жоғары деңгейде екенін атап өтіп, Түркияның аймақтық тұрақтылық пен бейбітшілікті қолдайтынын, сонымен бірге өз жері мен азаматтарын кез келген қатерден қорғауға толық қауқарлы екенін баса айтты.

Ресми тұлғалар кез келген қаскөйлік әрекетке қатаң жауап берілетінін ескертіп, барлық тарапты қақтығысты одан әрі өршітетін қадамдардан аулақ болуға шақырды. Түркия сонымен қатар НАТО және одақтас серіктестермен кеңесn3 жалғастыратынын жеткізді.

Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы Бурханеттин Дуран өз мәлімдемесінде: «Аймақтағы шиеленісті арттырып, қақтығыстардың кең ауқымға жайылуына әкеп соғатын қадамдардан бас тарту жөніндегі ескертуімізді барлық тараптарға тағы да қайталаймыз», — деді. Сонымен қатар ол әлеуметтік желі пайдаланушыларынан расталмаған ақпаратты бөліспеуді сұрады.