САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Түркия, Әзербайжан және Грузия өкілдері Бірлескен кеден комитетінің отырысын өткізді
Жиында Орта дәліз арқылы жүк тасымалының артуына байланысты транзиттік рәсімдерді жеделдету, кедендік рәсімдерді жеңілдету және шекарадан өту үдерісін жылдамдату мәселелері талқыланды.
Түркия, Әзербайжан және Грузия өкілдері Бірлескен кеден комитетінің отырысын өткізді
Түркия, Әзербайжан және Грузияның Бірлескен кеден комитетінің 5-отырысы өтті

Түркия, Әзербайжан және Грузияның Бірлескен кеден комитетінің 5-отырысы Әзербайжанның Гөйгөл ауданында өтті.

Әзербайжан Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Шахин Багыровтың төрағалығымен өткен жиынға Түркия Сауда министрінің орынбасары Сезаи Учармак және Грузия Қаржы министрінің орынбасары әрі Кірістер қызметінің басшысы Мамука Бараташвили қатысты.

Әзербайжан Мемлекеттік кеден комитетінің мәліметінше, отырыста үш елдің кеден қызметтері арасындағы қазіргі ынтымақтастық пен оны одан әрі дамыту бағыттары қаралды.

Орта дәліз бойындағы жүк тасымалы көлемінің артуына байланысты транзиттік рәсімдерді жеделдету, кедендік рәсімдерді жеңілдету, электрондық ақпарат алмасу және цифрлық кеден жүйелерін дамыту, сондай-ақ шекарадан өту рәсімдерін жылдамдату мәселелері талқыланды.

Баку–Тбилиси–Карс теміржолы аясында транзиттік рәсімдерді жеңілдету және кеден қызметтері арасындағы үйлестіруді күшейту, транзиттік кеден рәсімдерін өзара сәйкестендіру, алдын ала электрондық ақпарат алмасуды жетілдіру, тәуекелдерді басқару тетіктерін нығайту және кедендік құқық бұзушылықтарға қарсы күрестегі ынтымақтастықты дамыту мәселелері де қаралды.

Сонымен қатар бұған дейінгі кездесулерде қол жеткізілген келісімдердің орындалуы сараланып, алдағы кезеңге арналған жұмыстар айқындалды. Жиын соңында хаттамаға қол қойылды.

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті