ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия Карачидегі лаңкестік шабуылды қатаң айыптады
Түркия Пәкістанның “Pakistan Rangers” әскерилендірілген жасағының қызметкерлеріне жасалған лаңкестік шабуылды қатаң айыптады.
Түркия Карачидегі лаңкестік шабуылды қатаң айыптады
Cарбаздар Карачидегі Пәкістан қауіпсіздік рейнджерлерінің кешеніне жасалған шабуылдан кейін күзетте тұр. 28.06. 2026 /AFP

Түркия Карачиде Пәкістанның “Pakistan Rangers” әскерилендірілген жасағының қызметкерлеріне жасалған, салдарынан қауіпсіздік күштерінің кемінде үш қызметкері қаза тауып, тағы төртеуі жараланған лаңкестік шабуылды қатаң айыптады.

Түркияның Исламабадтағы елшілігі сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуіне тіледі.

Сондай-ақ Түркия Пәкістанға терроризмге қарсы күрестегі мызғымас қолдауын тағы бір мәрте растады.

27 маусымда лаңкестер Карачидің Гүлістан-е-Жаухар ауданында орналасқан Pakistan Sindh Rangersқауіпсіздік нысанына үйлестірілген шабуыл жасады. Шабуылдаушылар жарылғыш зат тиелген көлікті негізгі қақпаға соғып жарып жібергеннен кейін қару мен қол гранаталарын қолданып, қауіпсіздік шебін бұзып өтуге әрекеттенді.

Арнайы қауіпсіздік бөлімшесі мен Терроризмге қарсы күрес күштерінің қолдауына сүйенген Rangers қызметкерлері оқиғаға жедел әрекет етті. Пәкістан армиясының мәліметінше, қауіпсіздік күштері шабуылды тойтарып, үш шабуылдаушыны залалсыздандырды және кемінде бір күдіктіні жаралы күйінде қолға түсірді.

Шабуыл үшін жауапкершілікті Tehrik-i-Taliban Pakistan (TTP) ұйымымен байланысы бар Jamaat-ul-Ahrar(JuA) сепаратистік тобы өз мойнына алды.

Соңғы жылдары лаңкестік шабуылдар жиілеген Пәкістан көршілес Ауғанстанды террористік ұйымдарға пана беріп отыр деп айыптайды. Алайда Кабул бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.

Пәкістан соңғы айларда Ауғанстан аумағына бірнеше әуе соққысын жасады.

Өткен жылдың қазан айынан бері екі ел арасындағы шекарадағы шиеленістің күшеюіне байланысты шекараның басым бөлігі жабық күйінде қалып отыр. Соның салдарынан екі мемлекет арасындағы сауда-саттық та тоқтаған.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды