Дания Білім министрлігінің мәлімдемесінде келесі оқу жылынан бастап бастауыш және орта мектептерде ұялы телефон қолдануға тыйым салу туралы ереже күшіне енетіні атап өтілді.
Ереже ұялы телефондармен қатар интернетке қосылатын басқа да жеке электрондық құрылғыларды қамтиды. Мектептердің интернет желілеріне де контентті сүзгіден өткізу жүйесі енгізіледі.
Мәлімдемеде сабақ уақытында әлеуметтік желілер, онлайн ойындар және сауда сайттары сияқты білім беруге қатысы жоқ платформаларға қолжетімділік шектелетіні, ал қандай интернет сайттарының бұғатталатынын муниципалитеттер мен мектептер шешетіні баяндалды.
Данияның Білім министрі Магнус Хойнике де балалардың әлеуметтік желілер, онлайн сауда және ойындарға алаңдамай білім алуы қажеттігін баса айтты.















