САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Путин Мадуроны қолдады
АҚШ Венесуэла жағалауында бір мұнай танкерін тәркілегеннен кейін Ресей мен Венесуэла басшылары телефон арқылы сөйлесті.
Путин Мадуроны қолдады
Путин Мадуроны қолдады / Reuters

Кремльдің мәлімдеуінше, Ресей президенті Владимир Путин көптен бері одақтасы болған Венесуэла президенті Николас Мадуромен телефон арқылы сөйлесіп, Венесуэлаға қолдау білдірді.

Бұл телефон әңгімесі АҚШ-тың Венесуэла жағалауында бір мұнай танкерін тәркілеуінен кейін болды. Бұл оқиға ˗ екі ел арасындағы бірқатар шиеленістің бірі.

Ресей мен Венесуэла тығыз қарым-қатынаста. Мадуро биылғы жылдың басында Мәскеуге барып, жыл сайын өтетін әскери шеруге қатысты, сондай-ақ Путинмен кең ауқымды стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды.

Кремльдің хабарлауынша, бейсенбі күнгі телефон әңгімесінде Владимир Путин Венесуэла халқына қолдау білдірді.
Мәлімдемеде сондай-ақ Ресей басшысының артқан сыртқы қысымға қарсы ұлттық мүдделер мен егемендікті қорғауға бағытталған Мадуро үкіметінің саясатын қолдайтыны атап өтілді.

Тараптар сауда-экономика, энергетика, қаржы, мәдени-гуманитарлық және өзге де салалардағы бірлескен жобаларды жүйелі түрде жүзеге асыру міндеттемелерін қайта растады.

АҚШ әскері сәрсенбі күні Венесуэлаға тиесілі мұнай танкерін тәркілеген болатын. Әскерлер тікұшақтан арқан арқылы танкердің палубасына түскен.

Вашингтон Мадуроны есірткі картелін басқарды деп айыптайды. Алайда Мадуро бұл айыптауларды жоққа шығарып, АҚШ-тың Венесуэланың ірі мұнай қорларына байланысты елде режим ауыстыруды көздеп отырғанын мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэлаға жақын аймаққа әскери кемелер орналастырды. Тынық мұхитының шығысы мен Кариб теңізінде кемелерге жасалған кемінде 22 шабуылда 87 адам қаза тапты.

Іздеу
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті