ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Сомали министрі: «Президент Ердоғанның Сомалиге сапары - ел тарихындағы маңызды кезең болды»
Президент Режеп Тайып Ердоғанның 2011 жылы Премьер-министр болған кезде Сомалиге жасаған тарихи сапары халық жадында терең із қалдырды.
Сомали министрі: «Президент Ердоғанның Сомалиге сапары - ел тарихындағы маңызды кезең болды»
/ AA Archive

«Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның 2011 жылы Сомалиге жасаған сапары  - ел тағдырын өзгерткен тарихи бетбұрыс болды», – деді Сомали Порт және теңіз тасымалы министрі Абдулкадир Мұхаммед Нур.

Анадолу агенттігіне берген сұхбатында министр Нур Ердоғанның 2011 жылдың тамыз айындағы сапары 1990 жылы мемлекеттік құрылым күйрегеннен кейін Сомали бастан кешкен ең ауыр кезеңдердің бірінде болғанын атап өтті.

Нур Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған, балалары және министрлермен Могадишоға сапарының Сомали тарихындағы ең ауыр құрғақшылықпен күресіп жатқан уақытқа сәйкес келгенін, сондықтан ұмытылмас күн ретінде есте қалғанын айтты.

Сомали шенеуніктері бұл сапардың елді оқшауланудан шығарып, халықаралық қауымдастықтың күн тәртібіне әкелген және түрік-сомали қарым-қатынастарын стратегиялық деңгейге көтерген бетбұрыс кезеңі болғанын жеткізді.

Нур 1990 жылғы мемлекеттік күйреуден бері қараусыз қалғандай көрінген Сомали ел тарихындағы ең ауыр қуаңшылықтардың бірін бастан өткергенін айтты. «Ол кезде Сомали әлемнен оқшауланған, көмексіз қалған ел еді. Президент Ердоған отбасы және барлық лауазымды тұлғалармен бірге Сомалиге келгеннен кейін маңызды кезең басталды. Түркия Сомалиге көмектесіп қана қоймады, әлем назарын Сомалиге аударды», – деді ол.

Министр Ердоғанның сапарынан бері Түркияның Сомалиден ешқашан бас тартпағанын ерекше атап өтті. «Сол күннен бері қарым-қатынасымыз тек ілгеріледі. Сомалиді қайта құруда Түркияның үлесі орасан зор», - деп қосты.

Нур Түркия терроризмге қарсы күресте, дамуда және Сомали халқының әл-ауқатын арттыруда әрқашан Сомалиді қолдағанын атап өтті.

Сомалидің Жоспарлау, инвестиция және экономикалық даму министрлігіне қарасты Инвестицияны дамыту кеңсесінің директоры Мұхаммед Дхубоу президент Ердоған сапарына қатысты: «2011 жылғы сапар – гуманитарлық көмек, ал 2016 жылғы екінші сапар – даму сапары болды», – деді.

Дхубоу Түркияның Сомалидегі рөлінің инвестиция мен инфрақұрылымға ауысқанын атап өтті.

Могадишода елшілік пен Түрік Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) кеңсесінің және түрік мектептері мен ауруханаларының ашылуы екіжақты қатынастардың институционалдық негізін қалады.

Бүгінде Сомали Түркия-Африка байланысының символы. Түрік компаниялары Сомалидің инфрақұрылымындағы басты актерге айналды.  Екі ел энергетика, балық шаруашылығы, тіпті ғарыш саласында да жаңа ынтымақтастықтарды қарастыруда.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?