ТҮРКИЯ
3 ... минут оқылды
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда еншілес компания құрды
Машина жасау және химия өнеркәсібі («MKE») компаниясының бас директоры Илхами Келеш Мысыр астанасы Каирде құрылған компания туралы: «Мысыр заңнамасына сәйкес, барлық үлесі «MKE»-ге тиесілі «Zafer» атты компания құрдық», — деді.
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
«MKE» компаниясының бас директоры Илхами Келеш

Илхами Келеш Мысырдың Эль-Аламейн қаласында өтіп жатқан Эль-Аламейн халықаралық авиация көрмесінде Анадолы агенттігі тілшісінің сұрақтарына жауап берді.

Келеш Мысыр мен Түркия арасында достық және одақтастық тұрғысынан өте маңызды байланыстар бар екенін атап өтіп, «Мысыр — бізбен ортақ тарихи байланыстары бар, дініміз ортақ әрі саяси тұрғыдан да жақын қарым-қатынас орнатқан ел. Сондықтан Мысырмен бірлесіп жұмыс істеу біз үшін өте маңызды», — деді.

Келеш компанияның Мысырды тек «нарық» ретінде қарастырмайтынын, керісінше бұл елмен ортақ жобаларды жүзеге асыруға басымдық беретінін атап өтті.

«Мұнда келердің алдында Сараевода болдық. Сараевода тағы бір маңызды оқиға болды. Онда алғаш рет қорғаныс өнеркәсібі көрмесі ұйымдастырылды және сол жерде Мысырмен келісімшарт біз жасастық», — деді ол.

«Мысырмен келісімшарт жасастық»

Келеш Мысырдың Әскери өндіріс министрлігімен ең алдымен жарылғыш заттар мен қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін бірлесіп өндіру және дамыту мәселелерін қамтитын келісімге қол қойғандарын айтты.

«Мысырмен энергетикалық материалдар мен жарылғыш заттарды, сондай-ақ түрлі оқ-дәрі жабдықтарын бірлесіп өндіруге қатысты келісімшарт жасастық», — деді Келеш.

Ол әсіресе асимметриялық қауіп түрлері көбейгеннен кейін «MKE TOLGA» жүйесіне қызығушылық артқанын атап өтіп, сөзін былай жалғастырды: «Мысыр да бұл жүйеге қызығушылық танытып отыр және біз «TOLGA» жүйесін Мысырға саттық. Бұл тек Мысырмен шектелмейді, алдағы уақытта басқа да келісімдер болады. «TOLGA» жүйесін Мысырдың қару-жарақ тізіміне енгізу мақсатында әзірге шағын көлемде сатылым жасадық. Сонымен қатар Мысырда құрылатын бірлескен кәсіпорын арқылы бұл жүйені бүкіл Африка нарығына және Парсы шығанағы елдеріне ұсынуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым қалыптастырып жатырмыз.

Мысырдың әскери көлік құралдарын өндіру мүмкіндігі бар. Біз осы әлеуетті өзіміздің мұнаралық жүйелерімізбен, командалық-басқару жүйелерімен, сондай-ақ «hard kill» және «soft kill» қорғаныс шешімдерімен біріктіретін ортақ өндіріс жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Сондықтан Мысырдағы серіктесіміз осы көрмеге «TOLGA» жүйелерін де әкелуімізді сұрады».

Келеш «MKE»-нің ұзақ жылдар бойы оқ-дәрі мен қару-жарақ өндіру арқылы жинақтаған техникалық білімі мен тәжірибесінің аса құнды ресурсқа айналғанын атап өтті.

«Қазір көптеген ел мұндай өнімдерді өз аумағында өндіруге ұмтылып отыр. Соның нәтижесінде біздің технология трансфері саласындағы мүмкіндігіміз дайын өнім экспортынан да маңызды бола бастады», — деді ол.

«Жергіліктендіру бағытында да жұмыс жүргіземіз»

Келеш бірнеше елмен экспорттан бөлек, бірлескен өндіріс тетіктерін құру жөнінде де келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты.

«Бұған дейін де атап өткеніміздей Канадада бірлескен кәсіпорындар құрып жатырмыз. Онда жұмыстар жалғасуда. Енді осы көрмеден кейін бірден Америка Құрама Штаттарына барамыз. АҚШ-та бірқатар инвестициялық жобаны талқылаймыз. Малайзия мен Индонезияда да елеулі өндірістік инфрақұрылым қалыптасып келеді. Малайзияда бір тендерге қатыстық. Сол тендер аясында өнімді Малайзияда өндіру мәселесі де қарастырылған. Сондықтан бұл бағытта да нақты жұмыстар атқаратын боламыз», — деді ол.

Келеш басқа елдермен де байланыс жалғасып жатқанын атап өтіп, «Біз мүмкіндіктерімізді пайдалана отырып, әлемнің түкпір-түкпірінде өндірістік желімізді, серіктестік байланыстарымызды және нарығымызды кеңейтуге тырысып жатырмыз. Қазіргі халықаралық жағдай да бұған қолайлы. Біз осы мүмкіндікті тиімді пайдалануды көздейміз», — деді.

Келеш Мысырмен жасалған бірлескен өндіріс туралы келісімге қатысты былай деді: «Мысыр заңнамасына сәйкес құрылған, барлық үлесі «MKE»-ге тиесілі «Zafer» атты компания аштық. Бұл компания Мысырда «MKE» атынан коммерциялық қызметімізді басқарады. Сонымен қатар мұнда құрылатын бірлескен кәсіпорындар мен ортақ өндіріс нысандары осы компания арқылы жүзеге асырылады. Осылайша «MKE»-нің Мысыр заңнамасына сәйкес жұмыс істей алатын жеке компаниясы құрылды. Енді «MKE» Мысырда да жеке заңды тұлға ретінде қызметін жалғастырады».

Келеш «Zafer» компаниясының Каирде құрылғанын атап өтіп, «Мысырдағы өзге компаниялармен немесе жергілікті кәсіпорындармен құрылатын серіктестіктерге осы компания қатысады. Яғни «Zafer» сол компаниялардың серіктесі болады. Бұл компанияны Мысырдағы, сондай-ақ Африка мен Парсы шығанағы өңіріндегі коммерциялық қызметімізді дамытуға үлес қосу мақсатында құрдық», — деді.

Іздеу
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді
Түркия Сыртқы істер министрлігі Младичке жерлеу рәсімінің ұйымдастырылуына наразылық білдірді
Фетхиеде теңізді қорғау науқаны басталады
Президент Ердоған Еуропа чемпионы атанған түрік волейболшыларды құттықтады
Стамбул әуежайы Еуропада көш бастап тұр
Түркия Еуропарламентке наразылық білдірді
Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын Афинада грек әріптесімен кездесті
Стамбулда ДАИШ-пен байланысы бар күдікті залалсыздандырылды
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Сирияға қолдауымыз жалғасады»
"Bayraktar AKINCI" нысаналарды дәл көздеп жойды
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
"Грекия қарулы мәртебесі жоқ аралдарды қаруландырудан бас тартуы керек."
Стамбул маңында екі сауда кемесі соқтығысты
Әділет министрі Гүрлек грек әріптесі Флоридиспен кездесті
Президент Ердоған Путинмен кездесті
Түрік қорғаныс өнеркәсібі әлемдік алыптармен бәсекелесуде
Президент Ердоған: «Түркия бейбітшілік пен тұрақтылық үшін күш салады»
СКТР-де аударылған кемеден 20 адамды іздеу жұмыстары жалғасуда
Президент Ердоған ШЫҰ Мемлекет басшыларының саммитінде отбасылық суретке түсу рәсіміне қатысты
Отандық жүрдек пойыз 250 км/сағ жылдамдықпен рекорд жаңартты