МӘДЕНИЕТ
1 ... минут оқылды
Каирде Наполеон флотына арналған көрме ашылды
228 жыл бұрын Ніл шайқасы кезінде суға батқан Наполеон Бонапарттың флотына тиесілі тарихи жәдігерлер Мысыр өркениетінің ұлттық музейінде көпшілік назарына ұсынылды.
Каирде Наполеон флотына арналған көрме ашылды
Мысыр өркениетінің ұлттық музейі (МҰРАҒАТ). / Anadolu Agency (Wire)
 

Жерорта теңізінде 228 жыл бұрын Ніл шайқасы кезінде суға батқан француз қолбасшысы Наполеон Бонапарттың флотына тиесілі тарихи жәдігерлер Мысыр өркениетінің ұлттық музейінде көпшілік назарына ұсынылды.

Мысырдың Туризм және көне жәдігерлер министрлігі ел астанасы Каирдегі Мысыр өркениетінің ұлттық музейінде «Наполеон флоты: Теңіз сыр шертетін тарих» атты көрме ашты. Онда Жерорта теңізінің түбінен табылған тарихи жәдігерлер қойылған.

Суасты тарихи жәдігерлер бас басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай Суасты мәдени мұрасы күнінде ашылған көрмеде 1798 жылғы Ніл шайқасы кезінде Мысырдың солтүстігіндегі Александрия қаласының жағалауында суға батқан француз кемелерінің қалдықтары таныстырылды.

Көрмеге қойылған жәдігерлер арасында қару-жарақ, тиындар, тәрелкелер, шанышқылар және суға батқан кемелердің бөлшектері бар.

Көрме 1798–1801 жылдардағы француздардың Мысырға жасаған әскери жорығы кезінде болған Ніл шайқасының тарихынан сыр шертеді. Бұл шайқаста британ адмиралы Горацио Нельсон басқарған әскери теңіз флоты француз флотын жеңіп, оның бірнеше кемесін суға батырған.

Іздеу
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды